Page 336 - index Bapaeva
P. 336

– экстраверт қарт адам – яғни, қартаю кезеңін сыртқы
әсер арқылы немесе қоршаған ортадағы өзгерістер арқылы мо-
йындайды (мысалы, өсіп кеткен жастар, жастар мен қарттардың
көзқарастарының бөлек болуы, жақын адамдарының қайтыс
болуы, отбасындағы орнының өзгеруі, техника төңірегіндегі
өзгерістер, әлеуметтік өмірінің өзгеруі және т.б.).

    – интроверт қарт адам – яғни, қартаю кезеңін бастан қиын
кешіру. Адам қоршаған ортадағы жаңалықтарға қызығушылық
білдірмейді, өткен өмірі туралы көп ойланады, аз қимылдайды,
тыныштыққа ұмтылады және т.б.

    И.С.Кон қартаюдың келесі әлеуметтік-психологиялық
типтерін анықтап көрсетеді.

    Бірінші тип – белсенді, шығармашылық түрде қартаю. Бұл
типке жататын қарттар, заңды демалысқа шықса да, қоғамдық
өмірде, жастар тәрбиесінде және т.б. белсенді атсалысып,
толыққанды, белсенді өмір сүріп, өздерін еш кемсітпейді.

    Қартаюдың екінші типіне жататын қарттар – бұрын-соңды
уақыттары жетпеген шаруалармен айналысатындар: яғни, білім
деңгейлерін көтеру, демалу, көңіл көтеру және т.с.с. Бұл типтегі
қарттарға әлеуметтік және психологиялық тұрғыда жақсы
бейімделу, көнбіс болу, барлық энергияны тек өздеріне ғана
жұмсау тән.

    Үшінші тип (көбінесе әйел адамдар) барлық күш-қуатын тек
отбасына ғана жұмсайды. Үй шаруасы ешуақытта таусылмайтын
болғандықтан, әйелдердің ауруға, зерігуге уақыттары да бол-
майды. Бірақ өмірге деген қанағаттану бұл топтағы қарттарда
(жоғары екеуіне қарағанда) төмен.

    Төртінші типтегі қарттар – бұл типке жататын қарттардың
ерекшелігі – денсаулықтың өмірінің мәніне айналуы болып та-
былады. Түрлі белсенділік формалары, моральдық қанағаттану
да осымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, (көбінесе ер
адамдарда) нақты ауруларын шынайылықтан артық көру, қатты
қобалжуға жол беру жиі кездеседі.

    И.С.Кон жоғарыда көрсеткен қарттардың жағымды типтерімен
қоса, олардың жағымсыз типтеріне де назар аударады:

    – агрессивті, кәрі ұрысқақтар – қоршаған ортаға көңілі толмай,
өзінен басқаның бәрін сынға салып, төңірегіндегі адамдардың
барлығын үйретіп, әрдайым дау-дамай шығаратындар;

                                    336

⇐ МАЗМҰНЫ
   331   332   333   334   335   336   337   338   339   340   341