Page 337 - index Bapaeva
P. 337

– өзінің өміріне және өзіне көңілі толмайтындар, жалғыз
қалған және көңілсіз жүретін қарттар. Өткен өмірлерінен жіберіп
алған мүмкіндіктерін айтып, өздерін аса бақытсыз санайтындар.

    Қарттарға қатысты зерттеу жүргізгендердің бірі – А. Кач-
кин. Ол қарттарды өмірлеріндегі қызығушылықтарына сай,
төмендегідей типтерге бөліп қарастырған:

    – Отбасылық тип – тек отбасының бақытына назар аудара-
тындар.

    – Жалғыздық типі – тек өзімен-өзі ғана ой бөліскенді
қалайды, содан ләззат алып, өз естеліктерімен ғана өмір сүреді.

    – Шығармашылық тип – бұл типтегі қарттардың сурет са-
лумен, музыкамен және т.б. айналысуы міндетті емес. Олар өз
шығармашылықтарын бақшада гүл өсірумен де көрсете алады.

    – Әлеуметтік тип – зейнеткер – қоғам адамы, қоғамға пайда-
лы істермен және іс-шаралармен айналысушы.

    – Саяси тип – өз өмірін саяси өмірге араласумен (белсенді де,
белсенді емес те) толтырады.

    – Діндар тип.
    – Сөніп бара жатқан тип – өз күшін жұмсай алмай, өзіне
жаңа іс таба алмай, өмірін қызығушылықпен толтыра алмаған
қарттар жатады.
    – Ауру тип – бұл типтегі қарттар өз ауруларына емес, көбінесе
сол ауруларының өту этаптарын бақылаумен айналысатындар.
    Көптеген қарттар девианттарға айналады, яғни мінез-
құлқында ауытқушылықтар пайда болады (қаңғырып кету, өзін-
өзі өлтіру).
    Психиатр М. Мак-Каллох жануарлардың адам психикасы-
на әсерін бірінші болып зерттеген болатын. Сауалнама жүргізу
арқылы ол келесі тұжырымға келді: үй жануарлары адамды бай-
салды, сабырлы, жайбарақат қылады. Ал кейбір жан күйзелісін
бастан кешірген адамдарға, мұндай «төрт аяқты достарды» бағу
аса қажет болып табылады.
    Жалғыздық сезімі адамның жан дүниесін күйзелтеді.
Қоршаған ортамен қарым-қатынасын әлсіретіп, тұлғаны, оның
әлеуметтік құрылымын бұзады. Адамдармен толыққанды қарым-
қатынаста болу, соны сақтап қалу, жалғыздық сезіміне мойынсын-
бау – қартаюды дұрыс қабылдау дегенді білдіреді.
    Қартаю – жеке адамның дамуының маңызды және ұзаққа со-

                                    337

⇐ МАЗМҰНЫ
   332   333   334   335   336   337   338   339   340   341   342