Page 338 - index Bapaeva
P. 338

зылатын кезеңі. Өйткені бүкіл әлемде адам өмірінің ұзақтығы
өсіп келеді. Қарт адамдарға мемлекет, қоғамдық және басқа да
ұйымдар мен мекемелер, жалпы қоғам тарапынан жасалған дұрыс
қарым-қатынас – олардың өмірлерінің жақсы өтуіне бірден-бір се-
беп болады.

    Кәрілік жасы – адамның орта жастан кейін келетін қоғамдық
еңбектен босап, еңбегінің зейнетін көретін материалдық
қамтамасыз етілетін құрметті демалысқа шығатын жасы. Шартты
түрде кәрілік адамның зейнетке шығуы жасына жетуінен бастала-
ды деп есептеледі. Кәрілік жаста кәрілік, кемелділік деген ұғым
жиі кездеседі. Ол дегеніміз қартайған адамның ақыл-ойының
сарқылуының салдары болып табылады. Кәрілік, кемелділік кей-
де шектен асып, ақылдан ажырап қалу деңгейіне дейін құлдырауы
мүмкін, қазақта мұны алжу деп атайды.

    Қартаюдың ең ақырғы сатысы – кәрілік сатысы, ол адамның
бүкіл тіршілік ету өмірінде ішкі және сыртқы факторлардың
әсерінен дамитын адам ағзасының қызметтік жетіспеушілігінің
ұлғаю нәтижесі болып табылады. Қартаюдың психикалық
ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса
да, геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы адамдардың
көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының,
сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты құндылықты бағдарларының
өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. пайда бол-
ды.

    Ғалымдардың соңғы онжылдықтағы зерттеулері бойынша 90-
95 жасқа дейінгі жастың ұлғаюы мүлдем азайып барады. 55-60
жастағы адамдар өздерін қарттар санатына қоспайды, әлеуметтік
қоғамда жасы толған адамдар қатарына жатқызады. Қарттықтың
өз ішіндегі фазаларында, мысалы, біреулер 50 жасынан-ақ шаршап
өмірден түңіле бастаса, ал біреулері 70 жасында өмірге деген күші
мол, әлі көптеген жоспарларды жүзеге асырғысы келеді. 60 жас ша-
масына таяған адамдардың көбісі өмірінің тура жолын өздігінше
талдап, сонымен бірге болашаққа деген көріністерін бағалап іске
асыруға тырысатын болады. Бұл кезеңнің әдеттегі толғанысы:
«Уақыттың жетпеуі», «Өмірдің тез өтуі», «Осы уақыттың барлығы
қайда кетіп жатқаны түсініксіз», «Егер алда ұзақ уақыт болғанда,
онда мен..., әттең» және т.б. Қарттық кезеңді зерттеуші ғалымдар,
әсіресе 56 жас шамасындағы тұлғалардың қарттық кезеңге аяқ

                                    338

⇐ МАЗМҰНЫ
   333   334   335   336   337   338   339   340   341   342   343