Page 339 - index Bapaeva
P. 339

басып келе жатқанын атап көрсетеді. Олардың сезімдерінің
ұйымшылдығын, қиын кезеңдерді қайта жеңіп алу үшін не қажет,
не керек, өз өміріне тосын жаңалықтар енгізгісі келсе соған бар
күшін салып талпынатынын айтады. Қарт адамдарға бұл дағдарыс
көбінде қатты уайымшылдыққа әкеліп соғады.

    Қарттық шақтың 55-60 жас аралығын мосқал кезең деп атауға
болады немесе бұл кезеңді «Әлеуметтік орта» десек те артықтық
етпейді. Қандай да әлеуметтік өзгерістер осы кезеңнің жеке
өмірінде орын табады. Көптеген адамдар үшін бұл кез зейнетке
шыққан кезде басталады, яғни осы кезде белгілі бір әлеуметтік
ортаға деген белсенділігі төмендей түседі. Әсіресе, өзінің
тұрақты жұмысынан басқа ештеңемен айналыспаған, ешқандай
оқуға, басқа мамандық алуға, қандай да бір қосымша ұйымдарда
болуға қызығушылығы соқпаған зейнеткерлер үшін бұл өте ауыр
жағдай. Бірақ қаншалықты зейнетке шыққанымен кәрі адам-
дар өз әдеттерін тастамайды. Өзінің отбасына, не болмаса тағы
бір басқа жұмыстарға қызығып күнін өткізеді. Мосқал адамдар
бәрібір әрі қарай өз ұрапағына көмектесулері міндет деп сезінеді.
Олар үшін бұл кезеңде ең басты бақытты ұрпақтары, немерелері.
Кәрілік кезеңде өз қосағынан айырылу ең қиын сәт. Оған көндігу
өте ауыр өтеді. Өмірлік жарынан айрылып, жалғыз қалуы адам-
ды үлкен бір өзгеріске алып келеді, яғни адам өзін жесірлік сана-
тына қосып, алдағы уақытта өзінің де аз өмірін қалғанын сезіп,
бұрынғы кездегідей қатты дауыс шығарып сөйлеуге әлі келмей,
мінезінде меланхоликтік тип басымырақ болады. Қоршаған ор-
тасынан, айналасынан алшақтайды. Жесір қалушылық еркектер-
ге қарағанда әйелдерге үш есе соққы болып тиеді. Сондықтан ер
адамдар алғашқы жарынан кейін тез үйленіп алса, әйелдердің
біразы өмірінің соңына дейін жалғыз өтеді. Мысалы, 85 жасқа
дейінгі 5 әйелдің 4-і жалғыз болып өтеді деп айта аламыз. Жалғыз
басты қарттар тәжірибелік не биологиялық қиындықтарға жиі
кездеседі. Осы қиындықтардан өз күшімен шығуға тырысады,
мысалы, түрлі тұрмыстық мәселелер немесе қаржы мәселесін
шешу.

    Халықтың қартаю үдерісі – Қазақстан үшін біршама жаңа
құбылыс жəне ол əзірше мемлекеттің стратегиялық құжаттары
мен нормативтік-құқықтық актілерден жан-жақты сараптық
бағасын жəне баламалы көрінісін тапқан жоқ. Қазақстандағы

                                    339

⇐ МАЗМҰНЫ
   334   335   336   337   338   339   340   341   342   343   344