Page 340 - index Bapaeva
P. 340

даму мақсаттары аясында көптеген проблемалар мен міндеттерді
шешу адамның анағұрлым тиімді дамуына септігін тигізеді.
Осы тұрғыда Қазақстан үшін өмір сүру мерзімінің қысқалығы,
бала туудың төмен деңгейі, кедейліктің деңгейін азайту, барлық
буындағы ұрпақтар үшін білім алу мүмкіндігі мен білім сапасы,
адамдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулыққа тигізетін
экологиялық қауіп-қатерлерді жою, халықтың кембағал (осал) топ-
тарын, соның ішінде қарт адамдарды қорғау сияқты мəселелерді
шешу маңызды міндет болып табылады.

    Халықтың қартаюы алуан түрлі салалар – экономикалық
өсуге, қор жəне ақша жинау үдерісіне, салық салуды тұтыну мен
ұрпақтар арасындағы трансферттерге əсерін тигізеді. Əлеуметтік
салада бұл адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы құрамына,
өмір салтына, тұрғын үй жағдайлары мен халықтың көші-қонына
ықпал жасайды. Халықтың қартаюы – демографиялық феномен
ғана емес, ол саяси саладағы үдерістердің детерминантасы да
болуы мүмкін жəне бұл ең алдымен электораттың қартаюы мен
саяси өмірде түрлі жас топтарының мүдделерді көрсету мəселесі.
Халықтың қартаюы – егде жастағы адамдардың экономикалық
жəне əлеуметтік белсенді халыққа тəуелділігінің өсуімен
сүйемелденеді.

    Қарттық кезеңнің психологиялық мүмкіндіктерін зерт-
теу мәселесі ғылыми тұрғыда өзекті әрі өмірлік мақсаты бар
проблемадардың бірі деп саналады. Өйткені әдетте қарттық
кезең мұң, шығын, қайғы және әрбір қарт адамның тәнінде
жасырынған ауру-сырқаттардан қасірет кешіру жасы ретінде
қабылданады. Сонымен қатар, әлеуметтік геронтология және
геронтопсихология қарттықты даму жасы ретінде қарастырып,
егделік пен қарттықтың арасындағы жас ерекшелік бірмәнді ше-
караны орнатуға мүмкіндік бермейтін қарттықтың жеке-дара
көріністеріндегі маңызды айырмашылықтарға нұсқайды. Әр адам
түрліше қартаяды деген пікірдің өзі қарттықтың жалғыз үлесі
қайғы мен мұң емес, ал шөгу, құлдырау – өзгерістің жалғыз жолы
емес екендігіне нұсқайды.

    Бұл жас шамасы ерекше белгісімен, адамның өмірлік циклінің
жүйесіндегі айрықша рөлімен ерекшелінеді: дәл қарттық
кезеңдер мен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, тұлға
дамуының жалпы болашағын белгілейді. Қарттықтың тұрғысынан

                                    340

⇐ МАЗМҰНЫ
   335   336   337   338   339   340   341   342   343   344   345