Page 341 - index Bapaeva
P. 341

ғана өмірді тұтастық ретінде, оның мәні мен негізін, алдыңғы
және кейінгі ұрпақтардың алдындағы міндеттерін терең түсініп,
түсіндіруге болады.

    Егер аталмыш жас шамасы кемістік деп, егделікпен
салыстырғанда жарымжандық тұрғысынан сипатталған болса,
қарттықтың алдындағы маңызы жоғары міндеттерді өз шешімін
таппас еді. Бұл мағынасында қарттыққа Л. С. Выготскийдің
даму заңының қорытындысын көшірсе, қарттық дамуы тежелген
қабілеттер ретінде емес, дұрысы сапасы жағынан ерекше психи-
ка ретінде сипаттауға болады, өйткені адамның дамуы сапалы
өзгерістердің үзбелісі болып табылады.

    1. Қарттық жайлы қазіргі заманғы пікірлер
    Қарттық (психологияда) – бастапқы кезеңі адамның қоғамның
өндірістік өміріне тікелей мүшелік етуден алшақтауына байланыс-
ты адам өмірінің қорытынды кезеңі болып табылады. Қарттықты
егде жас шамасынан ажырататын шекараның хронологиялық
белгіленуі қарттықта орын алатын белгілердің көрініс беруіндегі
жеке-даралық үлкен айырмашылықтардың салдарынан өз
шешімін таппауда. Ол белгілер адам ағзасының қызмет ету
мүмкіндіктерінің біртіндеп төмендеуімен анықталады. Алайда,
денсаулықтың үдемелі әлсіреуінен, дене қуатының төмендеуінен
басқа, қарттық ішкі жан дүниесіне зияткерлік және эмоциялы
үңілу, өткен өмірді бағалау және мағынасын ұғынумен байланыс-
ты күйзелістер сияқты психологиялық өзгерістермен сипаттала-
ды. Д. И. Фельдштейн көрсеткендей, дәл қазіргі кезеңде қарттық
жайлы түсініктер бұрынғы мәнінен өзге сипатқа ие болуда. Адам
өмірінің ұзақтығын, соның ішінде индивидтің өз-өзін іштей
дамытудың есебінен арттыру мүмкіндіктері барған сайын дәлелді
болуда. Сонымер бірге, қарт адамның істері үлгі-өнеге, тәлім-
тәрбие, озық тәжірибені кейінгі ұрпаққа берумен ғана шектел-
мей, болашаққа деген эстафета іспеттес. Адам қартайғандықтан,
өмірден қол үзіп, ойларын, істерін аяқсыз, тоқтаусыз кезеңде
қалдыратын дамудың шектен тыс қорлары болады. Ол адамның
бүкіл өмірлік дамуында қолданылуы мүмкін әрі қолданылуы тиіс
қор. Осыған байланысты қартықтың даму кезеңі ретінде өзіндік
болашағы бар әрі ол қарттыққа деген ізгі қатынасты орнату
бетбұрысында – мүсіркеумен емес, сыйлаумен және масаттану-
мен көрініс.

                                    341

⇐ МАЗМҰНЫ
   336   337   338   339   340   341   342   343   344   345   346