Page 41 - index Bapaeva
P. 41

өмірінің алғашқы күндерінен үйрену үдерістері жетекші
орынға ие болады. Бихевиоризмнің шеңберінде үйрену дамуға
теңдестіріледі. Алайда ол ұғымдарының мәнін ажырату мақсатында
Дж. Уотсон жаңа мінез-құлық реакциялары туындауының
хронологиялық реті, реакциялар сандық айқындылығының артуы
сияқты дамудың заңдарын көрсетті. Алайда, ол заңдар дамудың
себептерін анықтамағандықтан, қарапайым феноменологиялық
сипаттамамен шектеледі.

    Д. Уотсон ол заңдардың толымсыздығын ескеріп,
үйрету мен дамуды жаңа мінез-құлықтың туындауы ретінде
дифференциялауға тырысты. Егер жаңа мінез-құлық жетілу
жағдайында меңгеріліп, үйретуге тікелей қатысты болмаса, ол –
даму; егер жетілудің дәлелдері болмай, үйрету жағдайы орын алса,
ол үйрету болып табылады. Алайда, балалық шақтағы үйрету мен
даму жетілу жағдайларында жүзеге асырылады.

    Э. Торндайк бихевиризмдегі үйрету заңдарын былайша
құрастырады:

    Даярлық заңы бойынша индивидте стимулдың нақты түрімен
бекітуге даярлығы болуы тиіс. Мәселен, бекіту құралы тамақ бо-
лып табылатын үйретудің тиімділігін қамтамасыз етуде жануар
аш болуы тиіс.

    Үйрету жаңа бейімді реакцияны бекіту жағдайында ғана орын
алатын бекіту немесе әсер заңы.

    Мінез-құлықтың жаңа түрін бекіту үшін оны қайталау немесе
жаттығу заңы.

    Э. Торндайк бойынша осы үш заң мінез-құлықтың жаңа
формаларының дамуын түсіндіреді. Бихевиоризмге Уотсонның
құрастырған тұрғысына тән: үйрету заңдары құрттан адамға дейін
эволюциялық баспалдақтың барлық деңгейлеріне әділ де әмбебап.

    Бихевиоризмнің негізгі бағыттары дәстүрлі шарттанды-
ру, оперантты үйрету және әлеуметтік үйрету теорияларымен
анықталады.

    Дәстүрлі шарттандыру теориясы (4-сызба):

4-сызба. Дәстүрлі шарттандыру теориясы

шартты стимул  шартсыз стимул  шартсыз реакция

сызбасы кейін  41
⇐ МАЗМҰНЫ
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46