Page 37 - index Bapaeva
P. 37

жетістіктерін анықтайтын мәдениетті қалыптастырса, бала даму
үдерісінде адамзаттың мәдени тәжірибесін иеленеді.

    Онтогенез бен социогенездің арасындағы ұқсастықтармен
қатар дамудың морфофизиологиялық жағдайларының, еңбектің,
сөйлеудің алдыңғы буынның рөлінде айырмашылықтар да бар.

    Біріншіден, қоғамның алға жылжуы үшін адамзат түрінің
қалыптасуында еңбек рухани және материалды мәдениеттің өнімі
ретінде алғашқы негіз болып табылады. Ал баланың дамуындағы
еңбек біршама ұзақ уақыт бойында аса маңызды рөл ойнай
қоймайды.

    Екіншіден, айырмашылық онтогенез бен социогенездегі
морфофизиологиялық жағдайлардың рөлімен шартталады. Ан-
тропогенез бен филогенез барысында орталық жүйке жүйесінің
құрылысында үлкен өзгерістер орын алады. Мәселен, филогенез-
де психика дамуындағы әрбір жаңа кезең орталық жүйке жүйесі
дамуының өзге деңгейіне байланысты болады. Адамзаттың және
психологиялық қабілеттердің тарихи дамуы морфофизиологиялық
жағдайлардың тұрақтылығында жүзеге асырылады. Ал баланың
жетілуі дамудың алғышарты болып, даму үдерісін шектейді. Бала-
ны тәрбиенің ең озық үлгілерін пайдаланып, алты айында жүруге,
сөйлеуге үйретуге қанша тырысқанымызбен, одан ештеңе шыға
қоймас.

    Үшіншіден, айырмашылық сөйлеумен байланысты. Со-
циогенезде сөйлеу мәдени дамудың жетістіктерін тіркейді. Ол
неологизмдердің пайда болуына ықпал етеді. Сөйлеудің қызметі
– қоғамдық-тарихи тәжірибені кристалдандыруда. Онтогенездегі
сөйлеу баланың дамуы барысында ойлаумен тығыз байланыс-
та болып, қарым-қатынастың және тәжірибені тасымалдаудың
құралы ретінде анықталады.

    Соңғы, төртінші айырмашылық ұрпақтардың арақатынасына
байланысты. Егер социогенезде әрбір келесі ұрпақ дамудың едәуір
жоғары деңгейіне жетсе, үлкен мүмкіндіктерге ие болып, алдыңғы
ұрпақтан біршама жоғары тұрса, онтогенезде алдыңғы ұрпақтың
даналығына шүбә келтіруге болмайды, оның әлеуеті жоғарырақ
болады. Нұсқалған айырмашылықтар онтогенез бен социогенез
үдерістерін ұқсастыруға мүмкіндік бермейді.

           37

⇐ МАЗМҰНЫ
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42