Page 39 - index Bapaeva
P. 39

еңбектерде, соның ішінде тума криминалды бейімдіктердің оди-
озды теорияларында (Ч. Ломброзо, Ш. Бюлер) жалғасын тапты.

    Д. Фодор және Н. Хомский қазіргі заманғы даму психоло-
гиясында осы бағыттың ең көрнекті өкілдері болып табылады.
Н. Хомский тұқымқуалаушылықпен берілген тума лингвистикалық
құрылымдар бар деп есептейді. Тұқымқуалаушылық баланың
сөйлеуді меңгеруінің ретін, кезеңдерін және ақырғы нәтижесін
анықтайды. Ал баланың қандай тілде сөйлейтіні ортасына бай-
ланысты болады. Осылайша Н. Хомскийдің тілдік онтогенез
теориясы жетілу үдерістері мен тілдің тума құрылымдарының
тұтқиылдан туындауын дамудың негізгі себепшісі ретінде
қарастырады.

    Жетілу теориясының сыналуы төмендегідей тезистер-
ге негізделеді. Біріншіден, қазіргі заманғы ғылымның, атап
айтқанда нейропсихологияның даму деңгейі барлық психикалық
қызметтердің құрылысы күрделі жүйелі екендігін, демек жүйелі
шектелетінін дәлелдеуде (А. Р. Лурия).

    Екіншіден, ойлау, ес, зейін, сөйлеу, қабылдау сияқты жоғары
психикалық қызметтерге жауапты морфологиялық жүйелер адам
іс-әрекетінің «қызмет етуші ағзалар» ретінде адам іс-әрекетінің
дамуында өмір бойында қалыптасады (А. Н. Леонтьев).

    Үшіншіден, морфофизиологиялық құрылым мен қызметтің
арасында күрделі өзара бағытталған қатынастар бар. Жетілу тео-
риясы ол қатынастарды бір бағытты деп постулаттайды, яғни
құрылым жетілсе – қызмет ету басталады. Қызмет етудің баста-
луы үшін құрылым жетілуінің нақты деңгейі қажет. Деректерге
сүйенсек, нәрестелік кезеңнің өзінде үлкен жарты шарлардың
жетілмеуінде баланың бесінші-алтыншы күніндегі өмірінде емізу
әдісіне қатысты табиғи шартты рефлекстің қалыптасатынын
көрсетеді, демек, ол субстраттың жеткілікті дәрежеде жетілмеуінің
өзінде қызмет ету мүмкіндігін дәлелдейді. Және керісінше
қарқынды қызмет ету жетілуді жылдамдатады.

    Жетілу үдерісінің тұқымқуалаушылықтың бір мағыналы се-
бептелген фактор ретінде түсіндірілуінің өзі жетілу теориясының
айтарлықтай кемшілігі болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда
субъекті белсенділігінің жетілу үдерісі үшін маңызын дәлелдейтін
деректер жинақталған.

           39

⇐ МАЗМҰНЫ
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44