Page 36 - index Bapaeva
P. 36

арасындағы байланыс жайлы идеяның өзі эвристикалық
құндылыққа айналды.

    Жас ерекшелік психологиясының көптеген басқа да теориялар
сияқты рекапитуляция тұжырымдамасы да нақты психологиялық
-педагогикалық жүйенің қалыптасуына, атап айтқанда баланың
еркін тәрбиесі жайлы жүйенің қалыптасуына түрткі болды. Ата-
уынан байқалып тұрғандай – «еркін тәрбие» баланың еркін әрі
кедергілерсіз өзінің ішкі қажеттіліктері мен интенцияларын жүзеге
асыруына мүмкіндік беріп, тәрбиешінің сырттай бақылаушы
ретінде қадағалап, оның тәрбиесіне араласпауды болжайды. Яғни
баланың дамуында адамзат дамуының барлық негізгі кезеңдерін
қайталау мүмкіндігі болуы керек.

    Шетел психологиясында рекапитуляция теориясын
сынағандардың қатарында эипиризмнің жақтастары болды.
Олар баланың мінез-құлқы, әдеттері үйретудің нәтижесінде
қалыптасады деп көрсетті. Баланың психикалық дамуында үйрету
мен орта факторларының ескерілмеуі рекапитуляция теориясын
сынаудың басты дәлелі болды.

    Рекапитуляция теориясын өз еңбектерінде Л. С. Выготский
мен С. Л. Рубинштейн де сынады.

    Л. С. Выготский рекапитуляция теориясындағы даму
үдерісінің биологиялануына түбегейлі қарсы болып, филогенез,
онтогенез, социогенез сияқты дамудың бір-бірінен мүлде алшақ
үш жолдың салыстырылуы ойға қонымсыз деп есептеген. Адам
өмірінің тарихи-мәдени түрі оның өз тіршілігінің жағдайларын өз
бетінше қалыптастырып, өз тіршілігінің ноосфера деп аталатын
әлемі мен ортасын өзі құрастырады (В. И. Вернадский). Өмірдің
инстинктивті-биологиялық түрі дайын қорларды пайдалануды,
тіршіліктің табиғи қорларын қолдануды болжайды.

    Л. С. Выготский дамудың кезеңдерінің мазмұны мен ретін
қатаң детерминдейтін тұқымқуалаушылықтың шешуші рөлі жай-
лы тұрғыны сынға алады. Ол тәрбие мен оқытудың маңызды рөлін
жоққа шығарып, даму сипатын мүлде стихияландыру мүмкін емес
деп есептеген.

    С. Л. Рубинштейн онтогенез бен социогенездегі ұқсастықтарды
баланың онтогенезі мен адамзат тарихының дамуындағы мәдени-
тарихи заңдардың бірлігімен шарттандырып, олардың шы-
найы табиғатын түсіндіруге тырысқан. Яғни, адамзат қоғамның

                                     36

⇐ МАЗМҰНЫ
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41