Page 38 - index Bapaeva
P. 38

Дегенмен, адамның жекедара дамуында тарихи дамудың
қайталануы жайлы рекапитуляция тұжырымдамасы даму
психологиясының алтын қорына енді. Адамның жеке дара дамуы
және адамзаттың тарихи дамуының сабақтастығы жайлы идея
эвристикалық құндылыққа айналып, ары қарай дамытуды және
нақтылауды қажет етуде.

    Ж е т і л у теориясы психикалық дамуды тума тұқымқуалаған
бағдарламаға сәйкес мидың морфологиялық құрылымдарының
биологиялық жетілуімен себептелген эндогенді үдеріс ретінде
қарастырады. Жетілу теориялары бойынша психикалық даму
кезеңдерінің реті мен мазмұны орталық жүйке жүйесінің сәйкес
бөлімдерінің жетілу динамикасымен және ретімен толықтай бол-
жанып отырады. Дамудың жаңа психикалық құбылыстары мен
формалары жетілудің генетикалық ұсынылған бағдарламасының
кеңінен таралуының нәтижесін білдіреді. Жетілу теориялары,
преформизм іспеттес психикалық дамудың қозғаушы күштері
тұрғысында нативизмнің бір түрі болып табылады.

    Жетілу теориясының жақтастары тұқымқуалаушылықтың
орталық жүйке жүйесінің сәйкес құрылымдарының жетілу
үдерістерін ғана анықтайды деп есептейді. Әрбір морфологиялық
құрылымға нақты психологиялық қызмет бекітілген. Оның
жетілуіне сәйкес қызметі де басталады.

    К. Бюлердің үш сатылы даму теориясы жетілу теориясының
классикалық нұсқасы болып табылады. Зерттеушінің пікірінше,
психиканың филогенездегі дамуы үш кезеңнің рет ретімен
бірін-бірі алмастырып отырады. Бірінші кезең – инстинкт (тума
мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің барлық мүшелеріне
ортақ, бейімделу шеңбері өте тар). Екінші кезең – дағдылар не-
месе жаттықтыру (тума емес, үйретудің нәтижесінде туындайды,
бейімделу шеңбері едәуір кеңірек). Үшінші кезең – интеллект,
мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді қажет етпейді, қиын
жағдаяттың мәнді қатынастарын күтпеген жерден түсінуге, яғни
инсайтқа негізделеді). Бюлер кезеңнен кезеңге өтуді орталық
жүйке жүйесінің дамуымен байланыстырады. Ашып айтсақ,
сәйкес құрылымның жетілуі автоматты түрде мінез-құлықтың
жаңа формасының туындауына әкеледі. Аталмыш идея бірқатар

           38

⇐ МАЗМҰНЫ
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43