Page 40 - index Bapaeva
P. 40

2.4. Эмпиризм теориялары. Баланың психикалық дамуының
қозғаушы күштерінің бихевиоризмде қарастырылуы

    Үйрену ретінде даму теориялары орта факторларының
басымдылығынан бастау алады. Даму ұғымында эмпиризм тео-
риясы.

    Дж. Локктың еңбектерінде бастау алды. 1699 жылы оның
«таза тақта» теориясының негізгі тұрғыларын түсіндіруде
бағдарламалаушы: «Оқыту жайында кейбір ойлар» атты еңбегі
жарияланады. Дж. Локктың пікірінше, балалардың барлығы
әртүрлі тума ерекшеліктерімен, мәселен, темпераментімен
дүниеге келеді. Ол айырмашылықтар ескерілгенімен, олар
дамудың заңдылықтары мен нәтижелерін анықтамайды. Соңғысы
тәрбиемен және ортамен анықталады. Зерттеушінің ойынша адам
тумысынан «таза тақта» іспеттес болады. Ол толған сайын біздің
санамызды анықтайды.

    Психологияда ортатеорияларына негізделген негізгі екі мек-
теп бар. Біріншісі көрнекті өкілдері Дж. Локк, Д. Гартли, Н. А.
Менчинская болып табылатын ассоцианизм; екіншісі, тари-
хи қалыптасқан теориялары бар бихевиризм. Бүгінде ассоциа-
низм психологияны тарихы үшін қызығушылық тудыруда.
Үйрену заңдарының негізгі қағидасы ретінде ассоциациялар-
ды құру заңын қарастырылады. Барлық психикалық қызметтер
ойлау үдерістерін, ассоциялардың жинақталуын және олардың
қызмет етуін анықтайтын ассоцияциялардың тізбегі ретінде
қарастырылады.

    Психикалық даму үйрену үдерістерімен теңдестіріледі. Даму
үдерістерін сипаттайтын басты сызба (3-сызба):

                              3-сызба. Даму үдерістері

стимул  реакция

деп анықталады. Бихевиористер балаға дүниеге келген мезетінен
бастап ортаға икемделуін қамтамасыз ететін мінез-құлық
реакцияларының аз жиынтығы беріледі деп есептеген. Сондықтан

                                     40

⇐ МАЗМҰНЫ
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45