Page 16 - index
P. 16

Қазақ тіл білімінде де стилистикалық мағынаны эмоционал­
ды-экспрессивтік мағынамен тығыз бірлікте қарастырады.
«Қазақ тілінің стилистикасы» авторлары «экспрессивтік бояу­
дың» жеке сөздерге де, фразеологиялық орамдарға да, сөз фор-
маларына да, синтаксистік құрылымдарға да тән сипат екенін
көрсете отырып, оны екі тұрғыдан сөз ету керек деп есептейді:
«біріншіден, лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға
бейім тұратын сөздер, екіншіден, қолданылу процесінде жүре
келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен етістіктер» [9,58].
Тіл білімі сөздігіндегі экспрессивтілікке төмендегідей анық­
тама берілген: «Экспрессивтілік – тіл единицаларының семан­
тикалық-стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол
сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе сол сөз арналған
адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын
көрсететін құрал ретінде қолданылады. Оның фонетикалық,
морфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы
құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық
күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Экспрессивтілік
айтылған сөзді эмоционалдық (сезімдік), айшықты (аффекті) сөз
ретінде жеткізеді» [10, 430-431].

    Эмоционалды бояу – «бұл сөз мағынасынан құралған ерек-
ше мағыналық мазмұннан пайда болған бағалау (жағымды неме-
се жағымсыз) жағдайы» [11, 35]. И. Р. Гальперин эмоционалды
бояу мен эмоционалды мағынаны ажыратуды ұсынады: «Бұл екі
ұғымның арасындағы айырманы белгілеу кейде өте қиын бола
тұра, эмоционалды мағына мен эмоционалды бояудың арасында
өте нәзік кейбір айырма бар. Эмоционалды мағына – бұл сөзге
тән сезім, қатынас, бағалау мәндері. Кейде бұл эмоционалды
мағына заттық-логикалық мәнмен бірлесе отырып, айтушының
осы соңғы мағынадағы түсінікке қатынасын білдіреді. Эмоцио-
налды мағына, әсіресе, сөз бойындағы жалғыз мағына (мысалы,
одағайлардағы сияқты) болған жағдайда ерекше анық көрінеді.

    Эмоционалды бояу – бұл эмоционалды мағынаның бастама-
сы ғана. Бұл бояу интонация арқылы көрінуі мүмкін, ол белгілі
контекстерде жиі қолданылу нәтижесінде ассоциативті байла-
ныс арқылы пайда болуы ықтимал. Мысалы, сезімді білдіретін

           16

⇐ МАЗМҰНЫ
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21