Page 161 - index
P. 161

– әуелі мәтінмен толық танысып шығыңыз, оның мазмұны,
мақсаты, тұжырымдамасы, композициясы туралы анық көрініс
жасаңыз;

    – мәтінді аяғына дейін оқып шықпай, түзетуді бастамаңыз;
    – мәтіннің кез келген бөлігінде фактілердің бұрмалануы,
ақпараттың сенімсіздігі, сөйлеу қателері болуы мүмкін екенін
естен шығармаңыз. Мұндай түсінік – мәтінге деген кәсіби сыни
қатынастың негізі. Редакциялау теориясында бұл «болуы мүмкін
қателерден сақтандыру» деп аталады;
    – мәтіннің кемшілігі неде, оны қалай жоюға болатынын
түсінгеннен кейін ғана түзетіңіз;
    – нақты қателерді түзеу барысында, мәтіннің сіз түзетіп
отырған бөлігі – тұтастың элементі, бүтіннің бөлшегі екенін
естен шығармаңыз;
    – қолжазбаның қиын жерлерін түзетуде ұзақ тұрып қалмаңыз.
Оған түзетуді тұтас аяқтап шыққан соң, қайта ораласыз, бұл сізге
тұтастықты сақтай отырып ең тиімді нұсқаны таңдай білуге
көмектеседі;
    – ең қажетті түзетулермен шектеліңіз;
    – түзете отырып, өзіңіздің нұсқаңызды автор нұсқасымен са-
лыстырып үздігін таңдаңыз;
    – автор нұсқасына ғана емес, өз нұсқаңызға да сыни көзбен
қараңыз. Сіз де мінсіз емессіз. Мұны ұмытпаңыз [68, 306-318].
    Мәтіннің мағыналық және тілдік сапасын дұрыс бағалап,
оны түзету үшін оның ең басты белгілерін жақсы білу керек. Ре-
дактор үшін автордың мәтінімен жұмыс істеу – оның даралығын
көрсететін әдеби еңбектің негізгі кезеңі. Редакторлардың бү­
гінгі мерзімді басылымдарда қабылданған кең көлемдегі мін­
деттерінде мәтінді талдау, бағалау мен түзету әлі де басты талап
ретінде қалып отыр. Редакциялаудың ғылыми негіздерін жасау
мәтін және оның теориясы туралы іргелі білімге негізделеді.
Редакциялау теориясында «мәтін» термині ұзақ уақыт бойы
өзінің толық мағынасында қолданылған жоқ. Оған «авторлық
қолжазба» немесе «мәтіндік түпнұсқа» деген атаулар теңгеріліп
келді. Редакциялық үдерістің ерекшелігіне қарай автордың
баспаға ұсынған кез келген мақаласы мен кітабының қолжазбасы,

           161

⇐ МАЗМҰНЫ
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166