Page 165 - index
P. 165

алқаптарынан 145 омартаға ұя салған бал араларының өлі
денелері табылған. Егістік «Аби Жер» ЖШС-не тиесілі екенін
білісімен омарташылар іске бірден журналистерді араласты-
рып, ұлардай шулатып қоя берген. Олар болған жайттың себеп-
салдарына терең үңілудің орнына жерден жеті қоян тапқандай
ұшқары мақалалар жариялаған, сұхбаттар ұйымдастырған.

    – Жапа шегушілер заңға жүгініп, тиісті органдар арқылы
қудаланса, ренішіміз болмас еді. «Тентек шоқпарын бұрын
жұм­сайдының» әрекетімен бізді ә дегеннен жерден алып, жер-
ге салған қылықтары ашындырады. Бұл не сонда: ең күшті
қорғаныс – шабуыл дегенді аңғарта ма әлде «ұра берсе, сай-
тан да өледінің» кері ме? Тіпті, кей газет беттерінде қасақана
жасалған арандатушылыққа балайтын пікірлер де кездеседі.
Сот төрелігіне дейінгі «кінәсіздік презумпциясы» қайда сонда?
Біржақты қаралау серіктестіктің де, біздің де абыройымызға
нұқсан келтіріп, беделімізді түсіріп отыр,– деді, күйіне сөйлеген
фирма құрылтайшыларының бірі Игорь Грищанов.

    – «Мал ашуы – жан ашуы» деген сөз бар. 22 миллионға жуық
бал араларының қырылып қалуы нәпақасын айырып отыр­
ған омарташыларға оңай тимегені анық. Бәлкім, егістік зиян­
кестеріне қарсы химиялық өңдеу кезінде серіктестік тарапы-
нан кемшіліктер орын алған болар?

    – Ара өсірушілердің серіктестік химиялық өңдеу жұмыс­
тарын өз беттерінше жүргізді деген айыптаулары ешқандай
шындықпен үйлеспейді. Алдымен олар мына қарапайым жайт-
ты түсініп алғандары жөн. Атап айтқанда, арамшөптерге
және түрлі зиянкестерге қарсы атқарылатын шараларды
облыстық аумақтық басқармасының филиалындағы өсімдік
қорғау инспекциясы белгілеп, қадағалауымен жүргізіледі. Оны
орындау – біз үшін міндет.

    Шағым иесі зәбір көрушілердің химиялық өңдеу алдын ала
ескертілмеген деген сөздерін де бекерге шығарды. Олар «Ара
шаруашылығы туралы» Заңды көлденең тартып, күні бұрын
құлақтандырылмады дегенді желеу етеді. Біздің тарапымыз-
дан бұл талаптардың толығымен сақталғанын дәйектейтін
айғақтар жеткілікті. Мәселен, А.Шинкоренко, Ю.Пиликушко,

           165

⇐ МАЗМҰНЫ
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170