Page 162 - index
P. 162

қолжазбаның редактор жұмыс істеп жатқан дайын бөлігі, тіпті
оның жеке фразасы немесе абзацы мәтін ретінде аталып келді.
Мұндай анықтама мәтіннің күрделі табиғи даралығын көрсете
алмады және ол өзіне ондай талап та қоймады. Сондықтан да,
ол практикалық тапсырмаларды шешуде ғылыми негіз қызметін
атқара алмады.

    Редакциялау мәтін теориясының бүгінгі талаптарын шешуге
тікелей мүдделі. Оның ең маңыздылары: 1) мәтіннің туындауы
мен оны қабылдау, түсіну процесіндегі мағыналық қырларын
зерттеу; 2) мәтінді қоммуникациялық бірлік ретінде бақылау;
3) мәтіннің ақпараттық проблемаларын үйрену, мәтіндегі
ақпараттарды кодтау (тұтастандыру) мен декодтау (даралау)
әдістемесін құру.

    Редакциялау үшін мәтіннің негізгі сипаттарының ішінде –
тұтастық, байланыстылық пен белгілі таңбалық жүйеде бекітілуі
бірінші дәрежелі маңызға ие болады. Бұл сипаттардың мәнін
түсіну редакторға теориялық жағынан ғана емес, практикалық
тұрғыдан да аса маңызды. Оны елемеу редактордың практикалық
жұмыстарынан көрініс табады, яғни мәтінді тұтас бағалаудың ор-
нына автор жіберген жекелеген кемшіліктерді ғана көру сияқты
редакторлық соқырлыққа соқтырады.

    3.4.2 Мәтіннің ақпараттылығы және ақпарат түрлері.
Ақпараттылық – мәтіннің аяқталған мәлімдемелерді тарата
алатын, ақпаратты жеткізетін қабілеті. Ақпараттылық мәтіннің
маңызды белгісі ретінде онда қамтылған ақпараттың көлемін,
оның маңыздылығы мен жаңалығын сипаттайды.

    Мәтіннің ақпараттылығын бағалау барысында екі маңызды
аспектіні ескеру қажет. Бірінші – мәтіндегі ақпараттың
аудиторияның білімі мен оның ақпараттық қызығушылығына
қатысы. Мәтін неғұрлым жаңа, қызық та түсінікті мәліметтерді
қамтыған сайын, соғұрлым ақпаратты болып табылады. Ре-
дактор мәтін мазмұнының бұл қырын алғашқы, таныса оқу
барысында бағалайды. Екіншісі – баяндаудың семантикалық
және синтаксистік ерекшеліктері. Ол бірдей тілдік белгілердің
көмегімен саны мен сапасы жағынан әртүрлі ақпараттарды
жеткізуге мүмкіндік береді.

           162

⇐ МАЗМҰНЫ
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167