Page 156 - index
P. 156

Бұқаралық комуникация мен тіл білімі мамандарының
жұмысы барысында БАҚ мәтіндерін этика тұрғысынан бағалау
жиі ұшырасады. Кез келген автор өз аудиториясын сыйлауы
тиіс, ашық жария (публичный) қатынас барысында ғасырлар
бойы қалыптасып, ұлт менталитетінен көрініс тапқан этикалық
нормаларды сақтауы тиіс. Тақырып пен оларды беруде, тілдік
құралдарды таңдауда адамгершілік талаптарын ешуақытта
естен шығармау керек. Алайда, бұл талаптар жиі бұзылады. Бұл
БАҚ тілінің саналы түрде дөрекіленуінен (сондықтан да кейбір
зерттеушілер тілдің жабайылануының (варварлануының) кезекті
толқыны жүріп жатқаны туралы айтып жүр), мәдени жетістіктер
мен тарихи деректердің төмендетілуі мен кемсітілуінен, рухани
құндылықтардың қадірін кетіруден, шындықты саналы, жүйелі,
еш қымсынбай бұрмалауынан көрінеді.

    Мысалы abai.kz ақпараттық порталынан алынған мына
мәтінді оқып көрейік:

    Әбдікәрім ба, әлде Әбдікірім ба? Кешіріңіз, менде Сізге де-
ген ешқандай бөтен ой жоқ. Өз атыңызды екі түрлі атап Сізге
не болды? Мейлі, қазақы дәстүрмен Әбеке дейін. Әбеке, діннен
хабарыңыз бар адамсыз ғой, таласым жоқ. Бірақ мәселе дін ту-
ралы болып отырмағасын мен оны қозғамаймын. Сөз тарих ту-
ралы болған соң тарихқа ауысайық, Сіздің одан да хабарыңыз
бар ғой!

    1. Рысқұловтың жазбасында бірнеше кісіге мінездеме бе­
рілген және оларға ондай мінездемені берген тек Тұрар ғана
емес, Тұрарға дейін де, Тұрардан кейін де талайлар берген, та-
рихтан хабары бар болған соң Сізге ол туралы анықтама беріп
жатпаймын, оқып аларсыз. Айтыңызшы, Рысқұловтың ха-
тында халыққа қарсы сөз бар ма? Әлде аты аталған кісілерге
қатысты айтылған сөз халыққа қарсы айтылған сөз ба?

    2. Сіз айтасыз: «Т.Рысқұловтың Түркістан республикасы та-
ратылып, оның облыстары бөліске түсіп жатқанда Ташкент-
ке таласып, жиналыстың тап ортасында өзбектің ұлтшыл-
жадитшілерінің көсемі Файзолла Ходжаевқа, қасындағы Акмал
Акрамовқа қарсы ровелверімен оқ атқанын да білемін. Қазақ

           156

⇐ МАЗМҰНЫ
   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161