Page 163 - index
P. 163

Тәжірибелі редакторлар мен зерттеушілер ақпараттың бір­
неше түрін көрсетеді.

    Фактілі ақпарат (фактуальная информация) барлық мәтінге
тән және ол нақты құбылыстар (оқиғалар) мен олардың өзара
қатынасын бейнелейді. Бұл – автордың тілдік құралдармен
жеткізген реальді немесе қиялындағы (оймен көз алдына еле-
стеткен) әлемі.

    Фактілі ақпарат көбінесе өздерінің сөздіктегі тура мағы­
наларында қолданылған сөздердің көмегімен беріледі. Ол
мәтіннің пәндік-логикалық негізін құрайды. Редакциялау про­
цесінде фактілі ақпарат факт ұғымымен тығыз байланыста
қарастырылады.

    Концептуалды ақпарат тақырыптың, құбылыстың авторлық
бағалануын, түсіндірілуін қамтиды. Бағалау кейде жасырын
тұруы да мүмкін, ол мәнмәтіннен (контекстен) көрінеді және
бағалау ондағы бейнеленген фактілердің мағыналары мен
олардың арақатынасына негізделеді. Концептуалды ақпараттың
ерекше белгісі – автордың өзі, сипатталған жағдайдағы оның
ұстанымы туралы ақпаратты қамтуы.

    Ақпараттар фактілі және концептуалды деп кейде шарт-
ты түрде ғана бөлінеді, өйткені кез келген айтылым авторлық
ұстанымды бейнелейді. Тіпті, нақты шындық әрекет тура-
лы барынша бейтарап және құрғақ айтылымның өзі жағдайды
автордың бағалауымен көрсетуге қабілетті.

    Мәтіндегі фактілерді үйлестіру (жинақтау) мен оларды
іріктеудің өзі – концептуалды ақпаратты берудегі негізгі белгілер.

    Мәтінішілік ақпарат – ашық айтылмаған, жасырын ақпарат,
ол фактілердің негізінде мәтіннің ассоциативті мағына бере алу
қабілетінің арқасында көрінеді. Мысалы, мәтінішілік ақпараттар
негізінде көбіне ирония мен емеуріндер арқылы беріледі. Бұл
ақпараттың БАҚ мәтінінде сирек кездесетін ең күрделі түрі
[65,451-152].

    Сондай-ақ, тәжірибелі редакторлар мен журналистер бұларға
қосымша ретінде жанама ақпараттың болатынын көрсетеді. Бұл
хабарлаудың мақсатына кірмейтін мәліметтер, алайда олар негізгі
мазмұнынан жанама түрде алынады. Мысалы, біз «Свисс-банк»

           163

⇐ МАЗМҰНЫ
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168