Page 159 - index
P. 159

3.4 Мәтін – редактор жұмысының негізгі нысаны.
                 Мәтіннің негізгі белгілері

    3.4.1 Редактор мен мәтін: сөз шығармашылығын тал-
дау өлшемдері. Редактордың негізгі міндеттерінің бірі – сөз
шығармашылығының сапасын бақылау. Оны жүзеге асыру үшін
және редактор әрекетінің жүйелілігін сақтау үшін ол редактор
еңбегінің психологиялық заңдылықтарын ескеруі қажет.

    Редактордың мәтінмен жұмыс істеуінің жалпы схема-
сы төмендегідей: бірінші кезеңде шығармамен танысу мен
редакциялаудың міндеттерін айқындау жүреді. Бұл кезеңде ре-
дактор материалдың алдын ала белгіленген өлшемдерінің қан­
шалықты сақталғандығын да талдайды: көлемі, жанры, тақы­
рыбының талапқа сәйкестігін, қолжазбаның кемшілігі мен
жетістігін анықтайды, ұсынылған мәтінді негізге ала отырып,
оның болашақта қандай болуы тиіс екенін жоспарлайды. Содан
кейін ол материалда көрсетілген ескертпелер мен ұсыныстарды
өңдеу үшін авторға қайтарады немесе оны түзету үшін өзіне
қалдырады да қандай деңгейде түзету керек екенін белгілейді.
Редакциялау процесі, бұл жұмыстың соңғы кезеңі әдетте ұзаққа
созылады. Кез келген мәтінді редактордың белгілі бір көлемде
қарап шыққаны дұрыс. Ал оның түзетулері автор материалының
мазмұны мен стилімен қаншалықты сапалы жұмыс істегеніне
байланысты.

    Редактор еңбегі – шығармашылық еңбек, бұл шығармашылық
өзінше бөлек, ол – мәтінді талдау барысында да, өңдеу барысын-
да да көрінеді. Егер автор сөз шығармашылығын дайындау бары-
сында шындықты бейнелеуге ұмтылса, ал редактор жұмыстың
негізі ретінде дайын мәтінді пайдаланады және де бұл мәтін
өмірдің барлық қырларын тек жанама түрде ғана көрсетеді. Нақты
фактілерді іріктеу мен бағалауда, олардың өзара байланысын
анықтауда, талдау мен қорытындылауда автордың субъективті
көзқарасы белгілі бір деңгейде едәуір немесе болар-болмас
көрініс табады. Автордың көзқарасы, ұстанымы мен мақсаты
сөз шығармашылығы мен өңдеу барысында негізгі өлшемдер
болып табылғанымен, редакторға мәтінді талдау үстінде олар-

           159

⇐ МАЗМҰНЫ
   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164