Page 157 - index
P. 157

үшін бұл ерлік көрінері анық. Бірақ мінезінің мұндай шатағы
қазаққа жеңіс емес, жеңіліс әкелді. Ол жұлқынып жүргенде Фай-
золла Ходжаев пен Акмал Акрамов болса Мәскеуден «комисся»
келемін дегенше 5 күннің ішінде Жызақ, Самарқан жағындағы
өзбектерді әкеліп, әр екі адамға бір-бір қамыс күрке жаса-
тып, ташкенді қоршай отырғызып қойды». Әбеке, былай деп
шарттасайық: архивтің дерегін нақты көрсетіп, осы сөзіңізді
дәлелдеп бересіз, не өзіңіз білмейтін мәселеге араласуды қоясыз.

    3. Сіз айтқан Акрамов деген кім? Төрт-бес жерде осылай
жазғаныңызға қарағанда біз білмейтін Акрамов деген шыны-
мен де болған-ау деймін!? Икрамов дегенді білуші едік. Біздің
біліміміз Сізден таяз екен...

    4. Айтыңызшы Әбеке, Ташкентті өзбек пен қазақтың
бөлісуі қай жылы, қай айларда, қай күндері болған? Ол күндері
Рысқұлов қайда еді, Қожанов қайда еді, Файзулла Қожаев қайда
еді, сіздің сүйіктіңіз – Акрамов қайда еді?

    Пікір жазбас бұрын құрығанда Қойшыбаевтың жазбаларын
оқып шығу керек еді, әлде Сіздің төпеп жаза беретін әдетіңіз
бар ма? Тұрар Түркістанды бөліске салардың алдында өзің
түрліше топтардың аярлықпен Ташкенттен кетіргені туралы
жазып отырған жоқ па!

    Әбеке, дін жолында жүрсіз, бірақ пікірталаста неге
қасиетті аяттарды айтып тістене сөйлейсіз. Мен Сіздің
атыңызға әдепсіз сөз айтқам жоқ, айтпаймын да, оған иманым
да, тәрбием де жібермейді. Иман менің жүрегімде, тілімде
емес. Сұрақтарыма нақты дерекпен жауап береңіз. Нақты
дерегіңіз жоқ болса, ұзын-сонар сөзбен Абай сайтына қайта
кірмей-ақ қоярсыз.

    Немесе, Айтабер! Танымдық блогтұғырынан алынған мына
материалға қарайық:

    Исатай туралы! Кенесарының басы мен денесі қосылса
не болады?!

    Бірінші Исатайдан бастасам оны орыстар өлтіргенін
білеміз! Өлмес бұрын ол түрмеде жүргенде бір қырғызға
жолығады! Ол өзінің өлетінін білген болар әлгі қырғызға мен

           157

⇐ МАЗМҰНЫ
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162