Page 164 - index
P. 164

деген маңдайшаны оқыған кезде, қайда келгеніңізді білумен
бірге (бұл хабарламаның мақсаты), атаудың жағымсыз екені ту-
ралы да тұжырым (бұл мекеменің атындағы жанама ақпарат бо-
лып табылады) жасаймыз.

    Тақырып пен мағыналық және синтаксистік құрылымдағы
орнының маңыздылық деңгейіне қарай ақпараттарды төмен­
дегідей жіктеуге болады:

    Негізгі (ключевая) ақпарат – тақырып бойынша аса маңызды
ерекше, мән-мәтін (контекст) арқылы берілетін мәлімет.

    Қосымша айқындаушы ақпарат – негізгі ақпаратты дамытып,
нақтылайды және соған негізделеді.

    Қайталама ақпарат – мәтінде берілген ақпаратты (реалий)
екінші рет немесе тағы да қайталау. Сонымен қатар, мәтіннің
кейбір бөліктері ешқандай ақпаратты қамтымайды.

    Кез келген мәтінде бұл ақпараттар кезектесіп ұшыраса береді.
                      Арзан сөз абырой әпермейді

    Шынын айтсақ, жергілікті басылымдардың «сүйікті» та­
қырыбына айналып отырған бал аралары «дауына» байланыс­
ты мақала жазу ойымызда жоқ еді. Қолымызға қалам алуға
«Әби-Жер» ЖШС құрылтайшыларының тілшілер қосынына ар-
найы хабарласуы қозғау салды.

    – Өркениетті елдерде кез келген түйткілді мәселеде
сотқа жүгіну үрдісі қалыптасқан. Біз, өкінішке қарай, он-
дай мәдениетті дағдыға әлі үйрене қойған жоқпыз. Кей қалам
иелері істің байыбына барып, ақ-қарасын ажыратып жазудың
орнына алаулатып-жалаулатуға, арзан сөзге, жалған бедел-
ге әуес. Соның салдарынан қоғамдық пікірді қолдан жасап,
оқырмандарды адастырып жатады. Осындай күйді басымыз-
дан кешіп отырғаннан кейін болған оқиғаны боямасыз жеткізуді
жөн санадық, – дейді бізге жолыққан серіктестік басшылары.

    Аталмыш шаруашылық Қызылжар ауданы Асанов ауылдық
округы аумағында егіншілікпен айналысады. Соңғы жылдары
майлы дақылдар өсіруге ден қойған. Биыл 2400 гектар жерге
рапс егіп, өнім бітік шыққан. «Даудың басы Дайрабайдың көк
сиыры» демекші, қызылкеңірдек кикілжіңнің тұтануына бал
араларының қырылып қалуы себеп болған. 7 тамыз күні рапс

           164

⇐ МАЗМҰНЫ
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169