Page 158 - index
P. 158

бір күні өлемін, сен мені өзің білетін бір жерге көм, бірақ менің
қай жерде жатқанымды біреуге айтар болсаң мен сенің үрім-
бұтағыңның соңынан қалмайм депті! Исатай бір соғыста
қайтыс болады, әлгі қырғыз қорыққан болу керек Исатайдың
денесін тауып алып өзі тұратын таудың қасына жерлейді! Ол
қырғыз өлерінің алдында баласына Исатайдың қайда жатқанын
айтып, оны қазақтарға айтуын өтінеді! Енді Кенесарыға келер
болсақ оның басы Ресейде екен! Ресей көріпкелдері ол басты
қазақтарға беруге болмайд, себебі бас пен дене біріксе қазақтар
рухы көтеріледі, соңы жаман болады дейді! Ол бастың өзі
қаншама миллион-доллар екені белгісіз! Бірақ ол басты алуға
ақшамыз жетеді, бірақ үкіметтен қолдау керек!

    Мұндай кәсіби деңгейі төмен авторлардың бұл әрекеті аудито-
рияны сыйламау ретінде бағаланады. Бұл, әсіресе, тікелей телеэ-
фир кезінде анық байқалады, онда көбінесе кейбір жүргізушілер
өз қонағынан да нашар, дөрекі сөйлеп жатады.

    Редакторға аудиторияның мәтінді қабылдауы мен бағалауын
болжау барысында өз ұстанымын ғана негізге алуына болмайды.
Ол әлеуетті оқырмандар туралы жалпылама негіздерге сүйенуі
тис. Ол негіздер жалпы немесе арнайы басылым, аудитория
ерекшеліктері, оның жасы, жынысы, білімі мен қызығушылық
деңгейі, т.б. – осы сияқты өлшемдерден құрылады. Арнайы
мамандандырылмаған бұқаралық ақпарат құралдары орташа
оқырмандарға арналады. Бұл – орта білімі бар, негізгі пәндерді
мектеп бағдарламасы бойынша толық меңгерген адам. Ар-
найы мамандандырылған басылымдарда тиісті мамандықтың
ерекшеліктері ескеріледі.

    Әрине, редактордың өз оқырманы, оны ненің қызықтыратыны
туралы түсінігі ешуақытта нақ өмірдегі жағдаймен сәйкес келе
бермейді. Алайда редактордың міндеті – өзінің жалпыланған
түсініктерін өмір шындығына барынша жақындата отырып
жинақтау. Бұл үшін редакция мен баспа жұмыстарында сұрақ-
жауаптар, сауалнамалар жүргізу, оқырман хаттарын талдау,
маркетингтік зерттеулер жасау белсенді түрде қолданылады.

           158

⇐ МАЗМҰНЫ
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163