Page 160 - index
P. 160

мен шектеліп қалуға мүлдем болмайды. Ол мәтінді коммуника-
ция жүйесінің элементі ретінде тұтас алып, оның мазмұнына,
өз тұжырымдарына, біліміне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне
сәйкес, сондай-ақ осы жағдай бойынша басқа дерек көздерінің
мәліметтері бойынша да талдайды.

    Әдеби редакциялау – әдеби және кәсіби эрудицияны, жоғары
интеллекті жалпы мәдениет пен кәсіби мәртебесінің негізі
ретінде ғана емес, оларды ең қажетті технологиялық талап
ретінде қамтитын қызмет саласы. Редактор неғұрлым көп білген
сайын өз білімін мәтінді талдау барысында кеңінен қолданады,
жұмысының сәттілігі де арта түседі. Әрине, редактор білімі
жағынан нақты кәсіби маманмен тең түсе алмайды, алайда ол
мәтіннің пәні бойынша көп білуге тырысу керек, сонда оған
тұжырымдар мен қорытындылардың дәлдігі мен тереңдігін
бағалау, авторға сұрақтар қою, пән бойынша қосымша ақпарат
көздерін табу және қажет болған жағдайда сарапшыларды тарту
жеңілдейді.

    Шығарманың әдеби формасын талдау редактордан – әде­
биеттану, жанр теориясы, стилистика, оқырман қабылдауының
психологиясы сияқты ғылым салаларында арнайы терең білі­
мінің, сондай-ақ сезім мен талғамының болуын талап етеді.
Оның міндеті – автор стилін сақтай отырып, қалыптасқан дәстүр
мен нормалардан ауытқымау, егер ауытқыған жағдайда автордың
да, аудиторияның да ар-намысына тимей, жөнімен ауытқу.
Енгізілген түзетулер аққа түскен қара дақ, жамау сияқты болмай,
мәтінмен жымдасып тұруы керек. Егер түзетудің сапасы төмен
болса, оны автор ғана емес, оқырмандар да байқайды. Мұндай
түзетулер басылымның беделіне нұқсан келтіреді.

    Мәтінді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға редак­
циялық дайындау көбінесе уақыт жағынан шектеулі болады.
Ондай жағдайда шешім қабылдауды да, жұмыс істеуді де жыл-
дамдату керек. Мәтінмен жұмыс істеудің негізгі прициптерін
білу, редакторға қажетті кәсіби дағдысын қалыптастыруға
көмектеседі. Тәжірибелі редакторлар төмендегідей негізгі прин­
циптерді ұсынады:

           160

⇐ МАЗМҰНЫ
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165