Page 167 - index
P. 167

серіктестіктің әрекетінде қылмыстық сипат жоқ деген жауап
келгенін, соған орай ұйғарым әзірленіп жатқанын жеткізді.

    Өңір жұртшылығын елең еткізген бал аралары дауы қай
тараптың пайдасына шешілетінін тиісті органдар анықтай
жатар деген үміттеміз. Ал, арзан сөз, жалған бедел қуған
ба­сылымдардың әрекеті абырой әкелмесі анық («Егемен Қа­
зақстан»).

    Бұл мәтіннен ақпараттың бірнеше түрлерінің кездестіруге
болады. «7 тамыз күні рапс алқаптарынан 145 омартаға ұя
салған бал араларының өлі денелері табылған... Біздің тарапы-
мыздан бұл талаптардың толығымен сақталғанын дәйектейтін
айғақтар жеткілікті. Мәселен, А.Шинкоренко, Ю.Пиликушко,
Е.Рожко, С.Васитов, Г.Гавриков, А.Зинько, С.Попов, Р.Розанов,
т.б. омарташылардың бал аралары дін-аман. Өйткені, бұл аза-
маттар жыл сайын шаруашылықпен келісімшарт жасасып,
омарталарын рапс танаптарына орналастырып жүр» деген
сөйлемдердің бойында фактілі ақпарат болса, «Егістік «Аби
Жер» ЖШС-не тиесілі екенін білісімен омарташылар іске бірден
журналистерді араластырып, ұлардай шулатып қоя берген.
Олар болған жайттың себеп-салдарына терең үңілудің орнына
жерден жеті қоян тапқандай ұшқары мақалалар жариялаған,
сұхбаттар ұйымдастырған... Жер иесінің айтуына қарағанда,
бір топ омарташы шаруашылықтың келісімін алмастан омар-
таларын рапс танаптарына өз беттерінше қойған. Ол жөнінде
хабардар етпеген. Тиісті ауылдық округте тіркелуді де,
серіктестікпен келісімшартқа отыруды да қажет санамаған.
БИ-58 препаратымен рапсты өндеуге мүлдем болмайды деген
адвокаттың ойлары қисынсыз» деген жолдардан автордың
бағалауын, түсіндіруін көреміз. Ал «желеу етеді; ақ-қарасын
ажыратып жазудың орнына алаулатып-жалаулатуға, арзан
сөзге, жалған беделге әуес; күйіне сөйлеген; араларының неден
өлгенін анықтайтын сараптама қорытындысын күтпестен
келтірілген шығынды өндіріп алғанша әлек; тиісті орган-
дар анықтай жатар деген үміттеміз» деген сөздер мен сөз
тіркестерінің бойынан мақала авторының жасырын емеуріндерін
байқауға болады.

           167

⇐ МАЗМҰНЫ
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172