Page 168 - index
P. 168

3.4.3 Мағыналық тұтастық – мәтіннің идеясы мен оның
мағыналық аяқталуына бағынатын тақырыптық, мазмұндық
бірлік. Сапалы шығармаларда әрдайым тақырыпты әртүрлі
қырынан ашып, толықтырып тұратын негізгі мағыналық желі
байқалып тұрады. Редактордың бірінші міндеті – бейнелі
айтқанда, осы желінің үзілмеуін, оның басқа қырына ауып
кетпеуін және авторлық тұжырымға сәйкестігін қадағалау.

    Мәтіннің мағыналық тұтастығын бағалау екі бағыт бойынша
жүргізіледі: оны негізі тұтас бірлік ретінде талдау және оны құ­
райтын элементердің толықтығы мен дәлдігі. Тәжірибелі редак-
торлар бұл міндетті: «тұтастыққа ұмтыла отырып, бөлшектерді
ешқашан ұмытпа, бөлшектермен жұмыс істей отырып – әрдайым
тұтас бірлікті көре біл»,– деп белгілейді [69, 12].

    Мәтінді талдау әдістемесі жүйе ретінде оның бөлшектерін
талдау әдістемесіне ұқсамайды. Мәтіннің тұтастығы әдеби
бірлік ретінде лингвистикалық бірліктермен тікелей байланыс­
пайды және оның өзіндік психолингвистикалық құрылымы бо-
лады. Оған ойдың бірлігі мен мәтін құрастырудың дәлдігімен,
материалдың образдық ұғынылуымен, ойды өрістетудің
логикалық анықтығымен, мәтіннің стилистикалық тұтастығымен
қол жеткізіледі. Редактор мәтіннің компоненттерін талдай оты-
рып, пәнді терең және жан-жақты білетінін және ауқымды
лингвистикалық білімін көрсетуі тиіс. Мәтінді редакциялық
түзету барысында оның бөліктерінің арасындағы мағыналық
үйлесімділіктің үзілмеуін үнемі назарда ұстау керек.

    Мәтінге тұтас әдеби бірлік ретінде қарау – қазіргі редакциялау
саласындағы көптеген зерттеушілердің негізгі тұжырымдамасы.
Бұл қағидаттың негізі К.И.Былинскийдің: «обязанность литера-
турного правщика – «проверка и исправление текста как литера-
турного целого»,– деген пікірінде жатыр. Ол: «Тұтас мәтін тура-
лы түсінігі болғанда ғана оның әрбір фразасымен жұмыс істеу
идеясын» – редактордың өмірлік ұстанымы ретінде ұсынады.
Ішкі сезімге сеніп өзгерту мүмкіндіктеріне шектеу қояды [66].
Редактор, әсіресе, бір қарағанда жатық, мінсіз болып көрінетін

фразаларға ерекше назар аударуы тиіс. Өзгертпес бұрын тұтас

мәтіннің мағынасын түсініп, оның кемшіліктерін анықтап алу

керек.

           168

⇐ МАЗМҰНЫ
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173