Page 169 - index
P. 169

Мәтін, әсіресе ақпараттық мәтін бір рет оқығаннан кез келген
оқырманға түсінікті болуы тиіс, егер ол бір оқырманға түсініксіз
болып, оны қайта оқуға тура келсе, онда ол – сәтсіз құрылған
мәтін. Төмендегі мәтінді оқып көрейік:

    «Тегі түрік Анахарсистің анасы грек қызы болған: өз тілімен
қатар грек тілін жете меңгерген ол елінен терезесі тең адам
таппай Грекияға, Солон атты философты іздеп барып: «Мен
саған дос болайын деп келдім», – дейді. Бұл мәтінді бір оқып
шыққан оқырманның Грекияға барып, дос іздеп жүрген адам
Анахарсистің өзі емес, анасы екен деп түсініп қалуы мүмкін.

    Енді мына мәтінге назар аударсақ: «Мемлекеттік білім стан-
дарты жоғары білімді мамандар даярлауға құрылған оқу орын-
дары келешек инженерлер өз саласында тілдік қолданысты
игеру, негізгі кәсіби грамматикалық сөздікке, ресми-іскерлік,
ғылыми стильге құрылған тілін игеріп жатырған елдің
мәдениеті мен дәстүрін білуге бағдар жасайды». Бұл мәтінде,
біріншіден, автордың ойы түсініксіз, екіншіден, бірнеше сөз
қайталаулар (құрылған, игеру) мен грамматикалық, стильдік
қателер кездеседі.

    Мәтіннің мазмұны мағынасы мен граматикалық сөйлемдері
арқылы байланысқан сызықтық-тізбекпен өрістейді, алай-
да ол иерархиялы (төменнен жоғары қарай бағынады), яғни
оның негізгі және қосалқы элементтерді қамтитын мағыналық
құрылымы болады. Әрдайым, ондағы басты ой – тақырып:
тақырыптың мазмұнын әртүрлі қырынан ашып тұратын ойлар
– бірнеше тақырыпшалар; тақырыпшаларды нақтылайтын ой-
лар – субтақырыпшалар. Мағыналық құрылымның күрделілігі
тақырыптың, стильдің, жанрдың, мәтін көлемінің ерекшелігіне
байланысты болады.

    3.4.4 Мәтіннің синтаксистік байланыстылығы – оның
тұтастығының шарты. «Текст» (мәтін) терминінің өзі латын
тілінен аударғанда байланыс деген ұғымды білдіреді. Мәтінді
түсіну үшін оқшауланған фразалардың мәнін анықтау жеткіліксіз:
әрбір фразаның бойында алдыңғы сөздің мағынасы қамтылады.
Мәтінге кез келген, тіпті ең елеусіз түзету енгізу үшін, алдымен

оның сыртқы мазмұнынан ішкі мәніне үңіліп, мағынасын түсіну

мен анықтауға талдау жасалынуы тиіс.

           169

⇐ МАЗМҰНЫ
   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174