Page 170 - index
P. 170

Мәтінді өзі құрамдас бөлігі болып табылатын коммуни­
кациялық жүйеден тыс қарастыру оны түсініксіз үзінділерге
алып келеді. Оның мазмұнында сөз мағыналарының түрлі қыр­
лары жатады, оқырман ол қырларды мәтінді қабылдау бары-
сында ашып, түсіне білуі тиіс. Мәтінді дұрыс түсіну үшін не
оқырм­ анның соған қажетті білімі болуы қажет, не алдыңғы баян-
даулар оған қажетті бағыт-бағдар беріп, сөз мағынасының дұрыс
ашылуына көмегін тигізуі қажет. Егер бұл шарттар орындалмаса,
онда автор мен оқырмандардың арасында түсіністік болмайды.
Сондықтан да, мәтінді редакциялау барысында бұл ерекшелікке
аса мән берілуі тиіс.

    Байланыс – мәтіннің синтаксистік қасиеті, оның көмегімен
мағыналық тұтастық қамтамасыз етіледі. Байланыстың болуы
мәтіннің тұтастығына кепілдік бермейді, алайда оның болмауы
тұтастықтың да болмауына ұрындырады.

    Кез келген сөз шығармашылығының мазмұны жүйелі, өзара
байланысты сөйлемдердің тізбегімен беріледі. Олардың әрқ­ ай­
сысы тиісті мағынаның бір бөлшегін ғана бере алуы және тұтас
шығарманың ішінде ғана толық түсінілуі мүмкін. Сондықтан
тілд­ е сөйлеудің логикалық саласына қатысты мәтінішілік бай­
ланыстырушы көптеген түрлі құралдар пайдаланылады: шыла-
улар, демеуліктер, қыстырмалар. Мәтіннің синтаксистік байла­
нысын қамтамасыз ететін басқа – лексикалық, грамматикалық
және композициялық құралдар да бар. Олар мәтіндегі сөй­
лемдерді, тақырыптарды бір-бірімен байланыстырып тұрады.
Бұл тілдік құралдардың дұрыс қолданылмауы мәтіннің ішкі
байланысын қиындатып, оның логикалық жүйелілігін бұзады.
Мәселен төмендегі жарнама мәтініне назар аударайық:

Қазақша мәтіні                        Орысша мәтіні

Төрт жасқа толған балаларға      Жевательные таблетки
арналған ғепе-реңдік витаминдер  в виде фигурок животных
жиынтығы сағыз құрайтын          содержащие сбалансированный
хайуанаттар түріндегі            комплекс витаминов для
опыншақ дәрілер                  детей с 4 лет

                                 170

⇐ МАЗМҰНЫ
   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175