Page 171 - index
P. 171

Бұл жарнаманың қазақша мәтінінен бірнеше қатені көреміз:
біріншіден, сөйлемнің құрылымдық жүйесі дұрыс емес; екін­
шіден, мағынасы түсініксіз сөздер (ғепе-реңдік); үшіншіден,
терминдерді дұрыс қолданбаған (опыншақ дәрілер). Осыдан
келіп, бұл мәтіннің қазақша нұсқасы ешқандай мағынасыз, жай
сөздер тізбегі болып шыққан.

    Ресми материалдар мен дипломатиялық құжаттарда ма­
ғыналық байланыс көбіне анық логикалық байланыс арқылы
беріледі. Көркем және публицистикалық шығармаларда мәтін
элементтерінің арасындағы байланыс оның образдық жүйесімен
беріледі де, көбіне ассоциативті болады.

    Газет беттеріндегі аз сөзбен көп ақпарат беруді көздейтін,
ал әрбір сөйлемі жеке хабарлама бола алатын қысқа ақпараттық
хабарламалардағы сөйлемдер арасындағы байланыс олардың
орын тәртібі арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ақпарат­
тық материалдарда мәтіннің элементтерін байланыстырудың
кең тараған тәсілдерінің бірі – қайталау. Ол оқырмандарға
мәтін мазмұнының желісін сақтап отыруға көмектеседі. Бұл
қайталаулар стилистикалық қатеге жатпайды, онда негізгі ма­
ғына беретін, басқа синоним сөзбен ауыстырса мағыналық
дәлдігін жоғалтатын, жетекші сөз, терминдер ғана қайталанады.
Мысалы: Грамматикалық форма белгілі бір парадигмалық
жүйенің бір көрінісі болып табылады. Ал грамматикалық
форманың грамматикалық мағынамен сәйкестігі категориялық
грамматикалық мағынаның белгілі бір грамматикалық форма-
лар арқылы берілу сипатында айқындалады. Бірақ бұл сәйкестік
аталған грамматикалық ұғымдардың сөз құрамында әрдайым
бірдей деңгейде көрінуімен анықталмайды. Бір грамматика­
лық форманың сөзге бірнеше грамматикалық мағына үстейтін
жағдайлары да кездеседі. Мәселен, досым, досың сөздерінің
құрамындағы -ым, -ың формалары сөз түбіріне, біріншіден,
тәуелдік мағына, екіншіден жақтық (1,2-жақ) мағына үстеп,
бір грамматикалық форма арқылы екі түрлі грамматикалық
мағына беріліп тұр. Грамматикалық форманың грамматикалық
мағынамен тығыз байланысты, грамматикалық формасыз
грамм­ атикалық мағынаның және грамматикалық мағынасыз

грамматикалық форманың болмауы грамматикалық форманың

           171

⇐ МАЗМҰНЫ
   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176