Page 172 - index
P. 172

грамматикалық мағынаның бір түрі, атап айтқанда, тек ка­
тегориялық грамматикалық мағынамен байланысы тұрғысы­
нан айқындалады (Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі морфология-
сы. – Алматы, 2012. -15-16 б.). Мұндағы грамматикалық мағына,
грамматикалық форма деген сөздердің шағын мәтінде бірнеше
мәрте қайталануы мәтінді түсінуге едәуір қиындық туғызып тұр,
соған қарамастан автор бұл сөздерді ешбір синониммен алмас­
тыра алмайды. Өйткені осы сөздерді басқа сөздермен немесе
сөз тіркестерімен алмастыру бұл терминдердің мәнін жойып,
мәтінді түсінуді одан да қиындатып жіберер еді. Енді салыстыр-
малы ретте қайталаулардың көркем әдебиеттегі қолданылуына
назар аударып көрейік:

    «Қазақтың қазақ екенін білгің келсе, халық екенін білгің кел-
се, мамыр өте Мәртөбеге кел дейтін сөз де содан қалған-ды.
Мамыр өте Мәртөбеге келсең – сөйлеген сөзі сай сүйегіңді
сырқырататын қазақтан өткен ділмар халық жоқ па деп
қаласың.

    Мамыр өте Мәртөбеге келсең – жетім қозының жұмырындай
ғана қара шанақ, екі шек, он алты пернеге жер-жаһандағы үн
біткенді түгел сиғызған қазақтан өткен күйші халық жоқ па
деп қаласың.

    Мамыр өте Мәртөбеге келсең – дауысы төрт кереге, тал
шаңырақты ғана емес, аспан астын түгел әлдилеп, ұшқан
құсты, жортқан аңды талмауратқан қазақтан өткен әнші
жоқ па деп қаласың.

    Мамыр өте Мәртөбеге келсең – биі сөйлесе дүние жара­
тылғаннан бері ықылым заманның жай-жапсарын түгел жа-
дында сақтап, келешегін бәрін көрмей біліп отырған қазақтан
асқан сұңғыла халық жоқ па деп қаласың.

    Мамыр өте Мәртөбеге келсең – көпті көрген көнесінің
иегіндегі сақалдың тұқылына, көпті білген кемел ақыл айтқан
сөздің ұтырына бас шұлғи тоқтайтын қазақтан асқан пәтуалы
халық жоқ па деп қаласың.

    Мамыр өте Мәртөбеге келсең – дастарханы жиылмас, саба-
сы сарқылмас қазақтың жомарттығын көресің.

    Мамыр өте Мәртөбеге келсең – алқалы жиындағы азаматы

түгіл кермедегі атына дейін бірінің жалына бірі басын тығып

           172

⇐ МАЗМҰНЫ
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177