Page 173 - index
P. 173

шұрқырасып жатқан қазақтан өткен бауырмал халық жоқ па
деп қаласың.

    Мамыр өте Мәртөбеге келсең – жігіттің астындағы атына
қарап, қызының иініндегі киіміне қарап қазақ жұртының ырзығы
мен дәулетін, сәні мен салтанатын көресің» (Ә.К., «Үркер»).

    Жазушы қазақ даласының береке-байлығын, сән-салтана­
тын, әдет-ғұрпын, ойын-тойын, дода-думанын анафоралы тоғыз
абзацқа сыйғызып береді. Бұл микромәтіндердегі «Мамыр өте
Мәртөбеге келсең» қайталамасы оларды бір-бірімен байланыс­
тырып, автордың айтайын деген ойын сабақтастыру қызме­
тін атқарып, мәтінге ерекше экспрессивтік, көркемдік сипат
беріп тұр.

    Мәтіннің өзара мағыналық байланысы бар екі элементі
бір-бірінен тым алшақ тұрса, біздің есте сақтау қабілетіміздің
шектеулі көлемі бұл байланысты түсінуге қиындық тудырады.
Мәтіннің өзара мағыналық байланысы бар фрагменттерінің
мәтін ішінде қатар тұрғаны дұрыс. Сондықтан да редактор егер
мәтіндегі сөз нақтылауды қажет етіп тұрса, оның екі жақты
мағына туғызуына жол бермей бірден түзету керек. Теледи-
дарда жаңалық жүргізушісі: «Атышулы директордың орынба-
сары әлі де өз орнында отыр. Оны орнынан түсіруге он алты
мектептің мұғалімдері қол қойған», – деген ақпар беріп тұр.
Бұл мәтіннен біз «атышулы директор» мен «он алты мектептің
мұғалімдері» туралы ақпаратты көріп отырмыз. Алайда толық
мәтін мен сюжетке қарасақ, ақпараттың мектеп директорының
«атышулы орынбасары» мен оның жұмыстан кетуін талап
етіп арыз жазған «бір» мектептің он алты мұғалімі туралы
екенін ажыратымыз. Тағы бір мысалға көңіл бөлейік: Кезінде
қаймана қазақтың намысын жыртқан, ұлтына ұпай әперген ал-
тын асықтай ұлдарын іздеп, редакциямызға қоңырау шалушы-
лар көп (Жас Алаш). Бір қарағанда бәрі дұрыс сияқты. Алайда,
мұндағы қаймана сөзіне «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»
(-Алматы: Дайк-Пресс, 2008) «танымайтын, бөтен, бөгде»
деген түсінік (454-бет) берілген. Олай болса, бұл сөздің осы
мәтінде қолданылуы еш қисынсыз. Өйткені, бөтен, танымай-
тын біреудің намысын жыртқан адамдарды кім іздейді. Бұны да

           173

⇐ МАЗМҰНЫ
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178