Page 174 - index
P. 174

редактордың өз жұмысына салғырт қарағанының нәтижесі деп
бағалауға болады.

    Әртүрлі функционалды стильдер мен жанрларда мәтіндік
байланыстың түрлі құралдары қолданылады. Мысалы, талдау
мәтіндерінде (аналитикалық) логикалық және композициялық
байланыс жетекші рөл атқарса, ақпараттық және сипаттамалы
мәтіндерде – лексикалық, грамматикалық, композициялық бай-
ланыстар жетекші мәнге ие.

    3.4.5 Мәтіннің әдеби өңделгендігі мен бекітілуі – бұқа­
ралық ақпарат құралдары мәтіндерінің мақсатына, стилі мен
жанрына қатысты міндетті сапа. Бұл қажеттілік қатынастың жа­
намалылығынан, яғни коммуниканттардың тікелей байланыс­
қа түспеуінен туындайды. Бұқаралық коммуникациядағы кез
кел­ген мәтін, тіпті ол дайындықсыз ауызша сөйлеу болса да,
әрдайым әдеби өңделуі тиіс.

    Егер бұқаралық ақпарат құралдарында өңделмеген мәтін
кездейсоқ шығып кетсе, ол бірден көзге түседі және ол коммуни-
кация ережелеріне сәйкес келмейтін элемент ретінде бағаланады.

    Бекітілу – жазба тілдің ауызекі сөйлеудің алдында ерекше
басымдықтар беретін маңызды белгісі. Сөйлеудің ауызша және
жазбаша екі формасы адресаттың ойды түсінуі үшін әртүрлі
құралдарды пайдаланады. Қалай айтылса, солай жазылмайтыны
немесе қалай жазылса, солай айтылмайтыны белгілі. Жазба тіл
ешқашан автордың дене қимылдары мен мимикасын бере алмай-
ды. Оқырман оның интонациясын естімейді, кідірісін көрмейді,
сөйлеу барысындағы әлеуметтік-психологиялық құбылуларын
салыстыра алмайды. Алайда, тыңдау барысында, біз сөз
мағынасын айтылу өлшеміне қарай аңғарамыз, ал оқу барысын-
да мәтінді немесе оның көлемді бөлігін тұтас қабылдай аламыз,
көз алдымызға елестете аламыз. Оқыған мәтінімізді бір шетке
қоя тұрып, ол туралы ойланып, сосын қайтадан жалғастыра ала-
мыз, ал ауызша сөйлеуде айтылған ойға қайта оралу үшін оны
тағы да қайта айтып шығуға тура келеді. Жазбаша тіл құрылымы
жағынан әлдеқайда күрделі болады, ол таңбалық жүйенің түрлі

элементтерін қамтиды (сандар, формулалар, суреттер, сызу-

лар, т.б.) және ауызша сөйлеуге қарағанда автордан дара және

аналитикалық ойлауды талап етеді.

           174

⇐ МАЗМҰНЫ
   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179