Page 175 - index
P. 175

3.5 Мәтінді талдау мен түзетудің негізгі
            әдістемелік рәсімдері

    Мәтінді дайындау процесі мәні бойынша бар болғаны екі
операциядан тұрады – қолжазбаны кәсіби оқу және оны түзету.
Соңғысы редактор ұсынған өзгертулерді авторлық нұсқамен,
шығармамен танысу барысында таңдалған редакторлық ұста­
ныммен үнемі салыстырып отыруды қажет етеді. Материал-
ды редакциялық дайындаудың тиісті кезеңіне сәйкес оқу мен
түзетудің бірнеше түрі бар. Олар: таныса оқу, тереңдетіп, талдап
оқу, өңдеп оқу [65, 464-468].

    Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы кезеңі – танысу. Оны таны-
са оқу деп айтады. Мұнда шығарманың мазмұнына назар аудары-
лады. Оқып болған соң редакторда тұтас мәтін, автордың мәнері
мен стилі туралы жалпы түсінік болуы тиіс. Редактор мәтінді
тұтас тілдік бірлік ретінде, яғни мазмұнының алға қойылған
мақсатқа сәйкестігі, онда оқырман мен әлеуетті клиенттер үшін
жаңа да қызық ақпараттың болуы, мәтін формасының (тұрақты)
оның мазмұны мен бағытына сәйкестігі туралы қорытынды жа-
сау үшін оқып шығуға міндетті.

    Таныса оқу – жылдам жүргізілетін процесс. Тұрақты түрде
жаттығулар жасау оның техникасын меңгеріп, оқу жылдамдығын
арттыруға көмектеседі. Мұндай жаттығулар аз ғана дайындықтан
кейін-ақ әріпті, сөзді емес, жолдар мен абзацтарды оқу арқылы
минутына 400-600 сөз оқуға мүмкіндік береді. Алайда, редактор
жылдам оқу техникасын меңгере отырып, мәтіннің әрбір деталін
назардан тыс қалдырмай, оны толық қамтуды да үйренуі қажет.
Сондықтан жаттығуды оқытушының жетекшілігімен, арнайы
дайындалған жүйе арқылы жасағаны дұрыс.

    Қолжазбаны бірінші оқу барысында, әдетте, ешқандай тү­
зетулер енгізілмейді, тек қарындашпен лексикалық, грамма­
тикалық, стилистикалық, логикалық және басқа да дөрекі қа­
телерге қатысты жекелеген белгілер қойылады, мәтінмен жұмыс
істеу барысында қолданылатын түзетулердің түрлері анық­
талады.

    Таныса оқу техникасы бойынша таңертеңгілік газеттерге
көз жүгіртіп шығудан еш ерекшеленбейді. Бір қарағаннан же-

           175

⇐ МАЗМҰНЫ
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180