Page 195 - index
P. 195

Қалыпты, заңды, нормаланған жүйеден ауытқушылық әртүрлі
мәтінде, стильде тұрақты қолданыла бастаса, түптің түбінде ол
нормаға айналып кетуі мүмкін. Осыған байланысты тіліміздегі бір
алуан сөздердің жұмсалуы дау туғызады: кейбіріміз оны дұрыс
десек, енді біріміз қате деп есептейміз. Сондай сөздердің бірі –
құлағына алтын сырға.  Бұл сөздің мағынасы қазіргі сөздіктерде
әртүрлі беріліп жүр. Мәселен, «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде» (Алматы, «Дайк-Пресс» 2008 ж.) «естіп, ұғып ал»
деген мағынада (537-бет), ал «Қазақша-орысша сөздікте» екі
мағынада: а) пусть не обращает внимание, пусть не слушает
(букв. Золотые серьги в уши); б) принимать к сведению; мотать
(наматывать себе) на ус (563-бет) деп берілген. Ал 1999 ж. «Дайк-
Пресс» баспасынан шыққан «Қазақ тілінің сөздігінде»: Құлағына
алтын сырға – «естімей-ақ қой» деген мағынада деп жазылса,
Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологиялық сөздігінің» (Алма-
ты, «Сөздік-Словарь», 2002 ж.) «Естімеу» деген тармақшасына:
1. Құлағына тимеу; 2. Құлағына алтын сырға; 3. Естісем құлағым
керең болсын! (қарғану) деп көрсетілген. Яғни, мұнда да «ес­
тімей-ақ қой» деген мәнді білдіріп тұр. І.Кеңесбаевтың 1977 ж.
«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» де «Құлағыңа алтын
сыр­ға – «сен тыңдамай-ақ қой, есітпей-ақ қой» деп көрсеткен.
Дегенмен, бұл сөздікте: «бұл фраза әзіл ретінде керісінше
мағынада да қолданыла береді» деп (Келіннің құлағына алтын
сырға, берер шайын тезірек берсін) көрсетілген. Сонымен бұл
сөздің фразеологиялық сөздіктегі мағынасы: Сен тыңдамай-ақ
қой, есітпей-ақ қой. Алайда қазіргі тілдік қолданысымызда бұл
сөздің кері мағынада «сол естісін, соның құлағына жетсін» деген
мағынада жиі қолданылады. Мысалы: Шетелдіктерге қызығып,
таңдай қағып жүрген қазақстандықтардың құлағына алтын
сырға. Дәл осындай оталарды отандық дәрігерлер де әлдеқашан
игеріп алған (7 арна). Кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға.
Жаңа жылдан бастап еліміздегі шағын дүңгіршектерге дейін
карточкалық терминал орнатылады (7 арна), Осындай алтынды
кешіп жүріп, бір грамм алтынға ие болмай кеткен қарапайым
геологтың отбасына бір акцияның да бұйырмағаны өкінішті-
ақ. «Алтыналмастың» құлағына алтын сырға (ЕҚ). Денсаулық

           195

⇐ МАЗМҰНЫ
   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200