Page 169 - indexf
P. 169

Бұл қазу үдерісі қабатқа жеткенге шейін жалғасады және оның диаметрі
146-245 мм дейін жетеді. Шындығында ұңғыма оқпанының әр аумағындағы
өлшеммен тереңдік ұңғыманың потенциалды шығымына, жынысқа,
бұрғыланатын қабат тереңдігіне, күтіліп отырған техникалық мәселелерге бай-
ланысты. Қайраңда бұрғыланатын ұңғыларды су асты аяқтау ұңғылары және
платформада орналасатын ұңғыма деп екі түрге бөлуге болады. Платформалық
ұңғымалар платформада орналасатын саға қондырғысымен аяқталады. Онда
ұңғыманы пайдалану мен жөндеу жеңіл жүреді. Пайдалану ұңғымалары саға
қондырғысымен аяқталып, теңіз түбінде орналасады.

     Қазіргі кезде игеріліп жатқан кен орнында су асты ұңғымалары қолданылады.
Оларда мұнайды өндіру және сақтау платформа қондырғысына жоғары қысымда
тұраққа қатайтылады. Ағымдағы немесе күрделі жөндеуде су асты ұңғымалары
жүзбелі бұрғылау қондырғысын қажет етеді. Сонымен қатар аталған ұңғыманы
бұрғылау жұмысы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тоқтатылады. Бұл
жағдай көптеген шығындарға алып келеді және оның жөндеуі қымбатқа түседі.
Себебі жүзбелі бұрғылау қондырғысын техникалық жабдықтау көп қаражатты
қажет етеді.

     Бағытталған бұрғылау. Көрінбейтін шығын келтіре отырып, ұңғыма
оқпанының бағытын өзгертуді басқаруға бүгінде жаңа бұрғылау технология-
сы дамып келеді. Бұл үдеріс көлбеу ұңғылармен горизонтальды ұңғымалардың
өсуіне әкеліп соқтырды.

     Бағытталған бұрғылаудың артықшылықтары:
     	Бір орыннан бұрғыланған ұңғыма торы арқылы қабатты жақсы қамтиды

          (платформалар, аралдар және т.б.).
     	Бір ұңғымамен қабат бірталай қашықтықта ашылады, соның есебінде

          горизонталь ұңғыманың шығымы вертикальдыға қарағанда 2-4 есе көп
          береді.
     	Басқа бағытқа бұру мүмкіншілігі, бұрғылау кезінде қауіпті жағдайға
          келтірмейді, мысалға, кішкентай тереңдіктен шығып жатқан газ немесе
          басқа траекториясын қию.
     	Қарапайым және оңай оқпан қабырғаларын бұрғылауға мүмкіндік
          береді. Бұл қабырғалық бұрғылау мұнайға қаныққан линзалар неме-
          се потенциалды мұнай бергіштік байқалғанда ғана және ойламаған
          ұңғымадағы техникалық мәселелер көрінгенде жүзеге асырылады.
     Жаңа бағытталатын бұрғылау қондырғысында түптік ауытқыш пен
қозғалтқыш және бұрғылау кезінде ұңғы түбінің параметрлерін өлшейтін
құрал болады. Түптік қозғалтқыш (турбобур, винттік қозғалтқыш) циркуля-
ция уақытында пайда болатын сұйықтықтың гидравликалық күші арқасында
жұмыс жасайды. Қозғалтқыш қашауды бұрғылау тізбегі қозғалыссыз тұрған
жағдайда іске келтіреді. Бұрғылау тізбегін жер бетінен манипуляциялау арқылы
қозғалтқыш ауытқышы керек бағытқа бұрылады. Бұдан кейін бұрғылау жер
бетінен тізбектің айналуынсыз түпкі қозғалтқыш арқылы қозғала бастайды. Ке-

         169

МАЗМ¦НЫ
   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174