Page 170 - indexf
P. 170

рек бағытта бұрылу бұрышын берген соң түпкі қозғалтқышты тізбектегі стаби-
лизаторлар қондырғылары арқылы бағыттап отырады.

     Стабилизаторларда керек бағытты сақтай алатын жерде және сәйкесінше,
өлшемдері болады. Жер бетімен қатысты көлбеу, бұрыш және азимут жөнінде
ақпараттарды түпкі параметрлерді өлшейтін өлшем құралдары мәліметтейді. Бұл
құбылыс түпкі өлшегіш аппараттары және олар арқылы ақпаратты жер бетіне
сұйықтықтың циркуляциялық жүйесінің пульстеу қысымымен жеткізіледі. Бұл
қысымдарды компьютерлер және өлшегіш аппараттар керекті көрсеткіштерді
көрсетеді.

     Бағыттауыш бұрғылаудың соңғы жаңа шыққан технологиясы – ротациялық
бақылау жүйесі (РБЖ). Бұл қондырғы бір уақытта жер бетінен төмендегі
қашауды іске қосып, керекті бұрылысқа бағыттауға мүмкіндік береді. РБЖ
жүйесінің программалық қамтуы да бар. Ол көп жұмысқа кіріспей бақылауды
едәуір жеңілдетеді.

     Технология ауданында соңғы игерілген ұңғы түбі көрсеткіштерін өлшейтін
өлшегіштер бұрғылау уақытында қабат жөнінде сипаттаманы анықтап, ха-
бар беру мүмкіншілігін береді. Бұл гамма-сәулену, үлесті кедергі, нейтронды
кеуектілік және акустика туралы болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштерді әдетте
бұрғылау кезіндегі каротаж (БК) деп атайды. Одан алынған сипаттамалардың
күнделікті жұмысын жоспарлауға қажетті петрофизикалық көрсеткіштерді
беруінде көмегі зор. Геологиялық бақылауларды сол көрсеткіштермен тексеруге
болады. Сонымен қатар, петрофизикалық көрсеткіштер ұңғымаларда пробле-
малар болған жағдайда жалғыз мәліметтерді бере алатын бұрғылау кезіндегі
каротаж болады. Дегенмен, стандартты каротажбен алынатын дәстүрлік
петрофизикалық бұрғылау рапортын бұрғылау кезіндегі каротаж ауыстыра ал-
майды. Көптеген ұңғыма теңдігінің интервалдары қазіргі уақытта тек бұрғылау
кезіндегі каротаж арқылы ғана зерттеледі.

     Жыныстар физикалық параметрлері олардың жасына, түріне, жату
тереңдігіне және географиялық орналасуына байланысты отырады. Қазіргі
уақытта бұрғылау қашауының үш негізгі түрі бар:

     	Үш шарошкалы қашау, шарошка шеттерінде тістері бар. Қашау
          айналғанда шарошкалар да жыныстарды жақсы бұзып қозғалады.
          Тістер қабат түрлеріне байланысты әр түрлі өлшемдерден және метал-
          дардан құралады.

     	Поли Даймонд Кристалин (ПДК) қашауы, стационарлы шарошкалы
          қашауға ұқсас келеді. Жүру барысында жынысты мықтап қажайды.
          ПДК қашаулары жасанды алмаздан және түрлі кескіш конструкциялар-
          дан жасалып, қабатқа байланысты шарошка өлшемдері мен олардың
          саны таңдалынады.

     	Алмас қашаулары. Оларды аз мөлшерде өндіріс маркалы алмастар-
          ды жынысты ойсыратуға қолданады. Оны, әсіресе, қатты жыныстарға
          жұмсайды.

         170

МАЗМ¦НЫ
   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175