Page 172 - indexf
P. 172

7.12 Теңізде ұңғыманы бұрғылауда туындайтын мәселелер және
                                     оны шешу жолдары

     Бұрғылау кезінде техникалық проблемалар өзімен бірге көп шығын
алып келетіндіктен, оларға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл проблемалар көптеген
факторлардың нәтижесі және бұрғылау жұмыстары ең бастысы жер астында
өтентіндіктен оны бақылау қиынға түседі. Жер астына өту барысы жер үстіндегі
датчиктермен ғана бақылана алады.

     Бұрғылау уақытында негізгі проблемаларға мыналар жатады:
     •	 Бұрғылау тізбегін қысып қалу. Ерітіндінің өте үлкен үлесті салмағынан

          ұңғыма мен қабат арасында пайда болатын қысымның түсіп кету
          нәтижесі. Сол жағдайлардан ұңғыдағы құбырларды қысып қалады. Со-
          нымен қатар құбырларды қысып қалу циркуляциялық жүйенің сапа-
          сыз жасалуынан болады. Бұл кезде жыныс бөлшектері қашаудың терең
          өтуіне кедергі келтіреді. Ұңғы қабырғасының бұзылуы және иілгіштігі
          де құралдардың қысып қалуына соғады.
     •	 Жоспарланбаған операциялар, сапасы жеткіліксіз құбырлар бұрғылау
          тізбегін айырып жіберуі мүмкін.
     •	 Ұңғымаға өту жұмысының бақылауын жоғалту. Дұрыс істелмеген жұмыс
          немесе қабат қысымының болжамы қабаттағы сұйықты ұңғымадан
          сыртқа лақтырады. Мұндай кездегі қайта қалыпқа келтіру жұмыстары
          уақыт және біршама ақшаның шығынын алып келеді.
     •	 Қойылған қондырғыға қабылданған шекті салмаққа одан да көп салмақ
          түсіргендігі түпкі қондырғының істен шығуы. Бұрғылау үрдісіндегі
          өлшегіштер (MWD) және бұрғылау үдерісіндегі каротаж (LWD) сияқты
          технологиялық прогрессивті қондырғылар бұл жағдайларда істен
          шығуы мүмкін.
     Айтылған мәселелерге ортақ тигізетін зақым шығым болып саналады.
     Бұрғылау жұмысын қауіпсіз және тиімді жүргізу үшін әр ұңғыманы бастар
алдында немесе қазу барысында ұстануға берілген мінездемелер бар:
     •	 Ұңғыма құрылысын жоспарлау үлкен сақтықпен жүргізілуі тиіс.
          Барлық жергілікті тәжірибе мен информациялар зерттеліп, ұңғыманы
          бұрғылау қондырғысына, құрылыс орнына берілген сәйкесінше арнайы
          шектеулерді сақтап отыру керек;
     •	 Барлық билік органдарымен байланыс орнатылуы тиіс. Рұқсат берілген
          қағаздар алдын ала алынып, көрсетілу керек;
     •	 Жұмысты ұйымдастырарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйе
          бұрғылау қондырғысында қондырылуы керек;
     •	 Бұрғылау қондырғысында және сәйкесінше қызметтерде профилакти-
          калы жөндеу және қондырғыны бақылау жүйелері болуы тиіс;
     •	 Жалпы және төтенше жағдайларды қамтамасыз ететін жабдықтау
          жүйесі құрастырылуы керек;
     •	 Жақсы байланыс жүйесі орнатылуы тиіс;

         172

МАЗМ¦НЫ
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177