Page 175 - indexf
P. 175

2.	 Құбырларды қолмен жалғап, машина кілтімен қатайту;
     3.	 Жуу сұйығының ұңғымадағы және тізбек ішіндегі сапасымен деңгейін

          қадағалап отыру;
     4.	 Жұмысты тізбекті ұңғымаға жылдам түсіретіндей етіп ұйымдастыру

          қажет.
     Шегендеу тізбегін цементтеу
     Шегендеу тізбегін құбыр сыртында берік, центрлес, ұңғымада кездесетін
жұтушы, мұнай, газ, су байқалатын қабаттарды берік айыратын цементті тасып
алу мақсаттарымен цементтейді. Шегендеу тізбегін цементтеу үшін тампонаж
цементтері және судан дайындалатын цемент ерітінділері қолданылады. Там-
понаж цементтерін сумен арластыру барысында сұйық және жылдам ағатын
ерітінді алынады.
     Жаңа цемент ерітінділерінің механикалық қасиеттері жуу сұйықтарына
сәйкес. Уақыт өткен сайын цемент ерітіндісі қоюланып, аққыштық қасиетін
жоғалтады. Бұл үдеріс цемент ерітінділерінің қатаюы деп аталады. Қатаюы
соңында цемент ерітіндісі берік цемент тасын құрайды.
     Шегендеу тізбегін цементтеуге арналған цемент зертханада мұқият
зерттеліп, оның жарамдылығы және цемент ерітіндісінің рецепті анықталады.
Цемент ерітіндісінің сапасы ондағы судың мөлшеріне айтарлықтай байланыс-
ты болады. Артық су әсерінен цемент ерітіндісінен кеуекті және бос цемент
тасы алынады. Суы аз болса, цемент ерітіндісі тез қатып, тізбекті цементтеуді
қиындатады. Шегендеу тізбегі қалыпты цементтеу үшін цемент ерітіндісін
дайындау барысында суды цемент салмағының 40-50%-ы мөлшерінде қосуды
ұсынады, яғни әр 100 т. Цементтке 40-50 тонна су қосылады. Шегендеу тізбегіне
айдалатын цемент ерітіндісінің сапасын оның ρ-ғы бойынша талдайды. Ол 1750-
ден 1950 кг/м3 шамасында болуы тиіс.
     Шегендеу тізбегін цементтеу үшін төмендегідей тампонаж цементтері
қолданады:
     1.	 Температурусы 400С-қа дейінгі суық ұңғымалар үшін қолданады;
     2.	 Температурасы 750-қа дейінгі ыстық ұңғымалар үшін қолданылады;
     3.	 Температурасы 100-1200 С терең ұңғымалар үшін қолданылады.
     Суық ұңғымаларға арналған цементті сумен араластырғандағы (цемент
салмағынан 50%) ерітіндінің бастапқы қатаю уақыты 3-тен 7,5 сағатқа дейін,
ал соңғы уақыты бастапқы қатаю уақытынан кейін 3 сағаттан аспауы қажет.
Яғни, температурусы 400С-қа дейінгі ұңғымалар цементтеуде барлық цементтеу
үдерісін 1 сағатта аяқтау керек.
     Терең ұңғымаларды бұрғылауға арналған цементтерді цемент клинкері гипс
қосу уақыты 1 сағат 15 минут кейін басталуы тиіс. Бұдан терең ұңғымаларды
цементтеу үдерісі 1 сағаттан төмен болмауы керек екендігін байқауға болады.
Кондукторды цементтеу үшін жоғарыда айтылған цементтерден басқа 25-30%
құм қосылған арнайы цементтерді қолданады. Шегендеу тізбектерін төтенше

         175

МАЗМ¦НЫ
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180