Page 171 - indexf
P. 171

Қашаудың үлкен жылдамдықпен қысым әсеріндегі сұйықтық өтетін арнайы
конструкциялы соплосы болады. Сопло өлшемдері әр ұңғыманың гидравликалық
талаптарына тәуелді өзгертіледі.

     Аталып кеткен қашаудың үш түрінің бірнеше нұсқалары бар. Мысалға,
ПДК мен үш шарошкалы қашаудың кейбір параметрлерін жақсарту үшін табиғи
алмас қосады.

     Ұңғыманы аяқтау. Пайдалану ұңғымасы бұрғыланып болған соң,
көмірсутектер жер бетіне аз энергия пайдаланып, еркін көтерілуі үшін
эксплуатациялық тізбекпен бірге саға қондырғысы қондырылып ұңғыманы
аяқтау үдерісі басталады. Ұңғыманы аяқтаудың түрін таңдауында бірнеше фак-
торлар әсер етеді:

     •	 Ұңғыманың түрі: пайдалану, айдау немесе өндірістік суларды лақтыру
          үшін;

     •	 Күтіліп отырған ұңғыманың потенциалды шығымы, эксплуатациялық
          құбыр өлшеміне тікелей қатысады;

     •	 Көмірсутектер мен коррозиоактивті компоненттерге байланысты құбыр
          металы таңдалынады;

     •	 Құм шығару мүмкіндігі өнімді қабатта ұңғыманы аяқтаудың сипатына
          әсерін тигізеді;

     •	 Құрамында газ бен суы бар ерекше қабаттың болуы өнімді қабатта
          ұңғыманы аяқтаудың сипатына әсерін тигізеді;

     •	 Жаңадан аяқтаудың немесе қабырға оқпанын бұрғылаудағы жоспарлар;
     •	 Кеңістіктегі ұңғыма ориентациясы: тік, көлбеу немесе горизонтальды

          ұңғыма;
     •	 Ұңғымадағы болжанатын операциялар;
     Жобаның негізі дайын болған уақытта эксплуатациялық тізбектің өлшемі
мен ұзындығы таңдалынады. Изоляция талаптарына байланысты изоляциялық
қондырғының әр түрлі зоналар арасына қондыру жоспарлануы мүмкін.
Түсірілетін қондырғыға қойылатын нақты тереңдік пен талаптар ұңғыма
бұрғыланып, ұзындығы бойынша түгел каротаждағаннан соң анықталады.
Өлшеу құралдары арқылы өнімді қабаттардың тереңдіктері идентификацияла-
нады. Ол керек интервалда перфорация жүргізілуге болатынына кепілдік береді.
     Эксплуатациялық тізбектегі арнайы ниппельдермен клапандар және
қосымша қондырғылар қауіпсіздікті қамтып, болашақта жөндеу жұмыстарын
жүргізуді жеңілдетеді. Көп жағдайларда осы қосымша қондырғылар ұңғыманың
жұмыс жасау циклімен қысым туралы көрсеткіштер беріп тұрады. Қабат
қысымы төмен ұңғымадағы жасанды көтеру әдісі, яғни түпке түсірілетін сорап
немесе газлифт қажет.
     Құмдар цементтелмеген жағдайда гравийлік фильтр немесе экран керек бо-
лады. Өткізгіштігі төмен қабаттарда кішкене жасанды түрде сынықтар жасау
мақсатында қабатқа гидрожару әдісі қолданады.

         171

МАЗМ¦НЫ
   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176