Page 176 - indexf
P. 176

жағдайларда цементтеу үшін ауырлатылған тампонаж, талшықты тампонаж
цементтері, гель-цементтер шығарылады.

     Ол үшін бұранда тізбектің аз салмағы әсерінен одан төмен үзілмейтін шек-
теу белдемін табады. Бұл белдемден жоғары бұрандалы қосылыстары салмаққа
шектеп бере алатындай қабырға қалыңдығы р1 шегендеу құбырларын l1 аралықта,
қабырға қалыңдығы р2 құбырларымен ауыстырғанда созылуға есептеу шартын
қанағаттандыру жағдайлары мүмкін. Егер мұндай алмастыру жеткіліксіз болса,
р1 қалыңдықты р2 алмастыру керек. Сөйтіп, шегндеу тізбегінің қажетті қабырға
қалыңдығын таңдап ала отырып, қабысу және созу күштеріне төтеп бере ала-
тындай шегендеу тізбегін алуға болады.

      7.13 Ұңғыманы бұрғылау кезінде еңбекті және қоршаған ортаны
                                       қорғау шаралары

     Бұрғылау қондырғыларымен жұмыс істеу біраз тәуекелден тұрады: онда
ауыр механизмдерді қолдану, үлкен блокты қондырғыны қолмен пайдалану
және қиын эксплуатациялық жағдайлар. Сондықтан еңбекті және қоршаған ор-
таны қорғау (ЕҚОҚЖ) жүйесі бұрғылау жұмыстарына қажетті және айырылмас
бөлшегі болып келеді. Күннен күнге персоналды тәжірибеден өткізіп, үйретіп,
оқытқанның арқасында олардың білім деңгейі ылғи көтерілу үстінде. Ең басты-
сы ұңғымаларды бұрғылау жұмысындағы қиындық сұйықтық пен шламдардың
қалдығы болып табылады. Операторлардың көңілдері қалдық мөлшерін азай-
тып немесе химиялық реагенттердің токсикациялығын төмендетуде болуы тиіс.
Оған шламды ұңғыма түбінен жоятын, шламға инертті сипат беріп цементтейтін,
шламды арнайы белгіленген қабатқа айдайтын, экологиялық таза сұйықтықты
қолданатын қондырғысы қызмет етеді. Қолданылған бұрғылау сұйықтығы
қоршаған ортаны бүлдірмеу мақсатында қайта қондырғыға түсіп, тазартылып
шығарылады.

     Экологиялық тапсырмалар құрылыс орнына байланысты өзгеріп тұрады.
Мысалы, тұз ертінділері жалпы бұрғылауда кедергі келтірмейді. Бірақ жақын
жерде ауылшаруашылығымен айналысатын аудан болса, экологияға ол пробле-
ма алып келеді. Сондықтан да құрылыс алдында айналадағы қоршаған ортасын
зерттеп біліп, қандай ертіндіні таңдау керектігін қарастырған жөн.

     Көбінесе токсикалық ерітінділерді қолданғанда бұрғылау жұмысы тез және
тиімді жүреді. Келесі жағынан қарағанда тиімді болса, ол тағы да жасаған қалдық
мөлшерін азайтады. Бұл жөнінде сұрақтар өте қиын және әрқашан қаржының
шығынына байланысты бола бермейді.

         176

МАЗМ¦НЫ
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181