Page 173 - indexf
P. 173

•	 Жақсы дайындалған және біліктілігі анықталған персонал;
     •	 Персонал ең тиімді, қауіпсіз жұмыстың орындалуына ұмтылуы қажет;
     Бұл жұмыста қарастырып отырғанымыз бұрғылау үдерісінде жұмысты
ұйымдастыруды анықтайтын фаторлар түрлері, олар бірнеше түрлері бола-
ды. Оған тоқталатын болсақ, монтаждау, демонтаждау, геологиялық және
геофизикалық мәліметтер, қабаттың қасиеттері, қабат түбінің және сағалық
қысымдары, температурасы және т.б. көптеген факторлар болады. Бұл
жұмыстарға біз теорияда тоқталып кетеміз, ал бұларды толығымен анықтайтын
факторларды жүргізу үшін барлық жинаған мәліметтерге сүйеніп қарастырған
жөн болады.
     Бұрғылау үдерісінде жұмысты ұйымдастыпуды анықтайтын факторлар
     Бұрғылау қондырғыларының орындарын дайындаудан бастап, оларды де-
монтаждау, жаңа орынға тасымалдау, пайдаланған жерді қайта өңдеп аяқтауға
дейінгі істелінетін жұмыстар жинағы ұңғыма құрылысының циклі деп аталады.
     Ұңғыма құрылыс цикліне кіретін барлық жұмыс түрлері төмендегідей топ-
талады:
     1.	 Бұрғылау қондырғыларын монтаждауға дайындық жұмыстары (орны

          жоспарлау, қатынас жолдарын салу, су құбырларын жүргізу, электр және
          телефон желілерін тарту).
     2.	 Бұрғылау қондырғыларын монтаждау (іргетастар орнатып, оларға
          қондырғы блоктарын отырғызу, қондырғыны байланыстыру, мұнара
          мен қондырғыларды жабу, сыйымдылық ыдыстарын және тұрмыстық
          блоктарды орнату).
     3.	 Ұңғыманы бұрғылау, оның қабырғасын шегендеуші тізбектермен
          қатайту, қабаттарды ажырату.
     4.	 Өнімді қабатты екінші қайта ашу (қабатқа шегендеуші тізбегін түсірген
          жағдайда), ұңғымаларды сынау және пайдалануға өткізу.
     5.	 Бұрғылау қондырғысын демонтаждау.
     6.	 Қондырғыны жаңа бұрғылау орнына тасымалдау.
     Бұл аталған жұмыстар “Мұнай және газ ұңғымаларының құрылысын
жүргізу барысындағы бірыңғай техникалық ережелері”, Мұнай, газ жүргізу
барысындағы техникалық ережелер, Мұнай және газ өндіру кәсіпорнындағы
қауіпсіздік ережелері сияқты мекемеаралық құжаттар мен бұйрықтарының
міндетті түрде орындалу арқылы іске асырылады.
     Бұл кезеңдерді кешендік мұнараны монтаждау бригадасы, 4-ші кезеңді
бұрғылау, ал 5-ші кезеңді ұңғымаларды сынау және меңгеру бригадалары
жүргізеді.
     Шегендеу тізбегінің конструкциясы
     Шегендеу тізбегі сыртқы диаметрі біркелкі, ал ішкі диаметрі әр түрлі ше-
гендеу құбырларынан құрылады, яғни шегендеу тізбегі қабырға қалыңдығы
әр түрлі бірнеше секциядан тұрады. Бұны тізбек ұзындығына мәндері әр түрлі
күштердің әсер ететіндігімен түсіндіруге болады. Шегендеу тізбегінің жоғарғы

         173

МАЗМ¦НЫ
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178