Page 178 - indexf
P. 178

8-тарау
Суасты сағалық жабдықтары

                            8.1 Суүсті және суасты пайдалану

     8.1.1 Теңіз мұнай-газ кәсіпшілігі

     Теңіз мұнай-газ кәсіпшілігі (ТМК) – теңіз кен орындарын мұнай, газ, кон-
денсатты өндіру және жинауға, өнімді дайындау мен тасымалдауға арналған
технологиялық кешендер.

     Өнімді өндіру фонтанды тәсілмен (ҚҚҰ әдісімен), одан кейін газлифтілі не-
месе өндірудің механикаландырылған тәсілдеріне көшіріледі. Өндірілген мұнай
және газ газлифтілі циклда энергия тұтынудың ішкі қажеттілігі үшін қолданады.

     ТМК-нің құрлықтағы кәсіпшілігінен айырмашылығы негізгі және қосалқы
жабдықтарды теңіз мұнай-газ кәсіпшілікті гидротехникалық құрылымдарда ор-
наластыру қажеттілігі.

     ТМК-нің технологиялық сұлбалары теңіздің тереңдігі, толқынның биіктігі,
желдің жылдамдығы, мұздардың пайда болуы және т.б. табиғи-климатты
жағдайларға тәуелді. Теңізде мұз қатпайтын акваторияларда пайдалану 300 м
тереңдікке дейі жүзеге асырылады.

     25-30 м тереңдіктерде ТМК көбінесе жасанды аралдарда, дамбаларда
(5-10 м), эстакадаларда және басқа да свайлы құрылымдарда орналастырылады.

     Суүсті пайдалану – теңізде тұрақты платформаларды, негіздер мен эста-
када алаңдарын пайдалана отырып мұнай және газды өндірудің, жинаудың,
дайындаудың және тасымалдаудың шаралар кешені.

     25-30 м тереңдікте металл немесе темірбетонды тіректі бөліктерден тұратын
тұрақты платформаларды қолданып, оған кәсіптік жабдықтарды орналасты-
рады. Теңізде 60-80 м тереңдікке дейін негізінен өндіру ұңғымалары немесе
технологиялық жабдықтары (өнімді жинау, дайындау үшін) мен энергетикалық
объектері бар бірфункциялы платформалар қолданылады.

     80 м-ден жоғары тереңдік – көпфункциялы болып, әрбір платформа жеке
мұнай-газ кәсіпшілігі болып есептеледі. Платформалардың саны дренирлеу
объектісімен анықталып, әдетте екіден төртке дейін болады. Теңіз қайраңын
пайдаланудың ерекшелігі көп шығындар және жабдықтарды орналастыру үшін
орынның жетіспеушілігі. Осы шектеулер мұнай қабатының дренирлеу ауданын
ұлғайту үшін көлбеу ұңғымаларды бұрғылауға апарады.

     Қазіргі таңда әрбір ұңғыманы неғұрлым көп қоршап алуға жетуді бағытталған
бұрғылау технологиясын көптеген мұнай компаниялары қолдануда. Мысалы,
Статойл компаниясы 7 километрлі ұңғыманы бұрғылауда және ол платформадан
қабаттың түбіне 5 км дейін жеткен.

         178

МАЗМ¦НЫ
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183