Page 180 - indexf
P. 180

Суүсті тұрақты платформалары үлкен қауіп төндіреді, ал осы кезде су астын-
да қондырғыны орналастыру мұншалықты қауіп төндірмейді, және онда өрт
қауіптілігі де болмайды.

8.2-сурет. Қондырғыларды су астында пайдалану сұлбасы

     Осындай жүйелердің кемшілігі аса үлкен тереңдікте болған жағдайда суас-
ты саға қондырғысына жету және онда ұңғымаларды жөндеу қиыншылығы бо-
лып саналады. Одан басқа, мұндай мәселені шешу үшін су астында тәжірибелі
сүңгуірлердің еңбегінің қажеттілігі.

     Бірақ, көптеген шетел мұнай фирмалары теңіз кен орнын сағасы су астында
орналасқан ұңғымалармен меңгеру әдісіне үлкен сақтықпен қарайды, өйткені
осы әдіс тәжірибелі кезеңдерден өткен жоқ және ол тек қана жеке бөлінген
ұңғымалар үшін қолданады деп есептелінеді.

     Суастында саға қондырғысын жеке тік бұрғыланған ұңғы сағасына неме-
се шектеулі тармақ ауданында бұрғыланған бағыттаушы ұңғымалар сағасына
орнатады. Суасты саға қондырғысын және манифольдті камераны басқару
үшін гидравликалық немесе электрогидравликалық жүйелерді қолданады.
Әрбір ысырмаларды басқару кемеден келетін жеке желілер арқылы немесе бір
тармақтау блогы арқылы жүзеге асырылады.

     Суасты қондырғыны орнатудың екі жүйесі бар:
     •	 Суастында саға қондырғысының ашық орналасуы;
     •	 Суастында саға қондырғысының жабық орналасуы – «құрғақ» (атмос-

          фералы).
     Ашық түрлі жүйелерде барлық саға жабдығы теңіз тереңдігіне сәйкес
гидростатикалық қысым әсерінде болады. Жабық түрлі жүйелерде саға жабдығы
арнайы батпалы камераларда орнатылып, оның ішінде атмосфералық не болма-
са кішкене жоғарылатылған қысым сақталады. Осылардың ішінен ашық түрлі

         180

МАЗМ¦НЫ
   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185