Page 179 - indexf
P. 179

Сағасы суастында орналасқан ұңғыма ең алғаш рет 1943 ж Эрн өзенінде
(АҚШ) 11,5 м тереңдікте бұрғыланған. Осы кезден бастан бұл әдіспен
әртүрлі теңіз кен орындарында: Мексика шығанағы, АҚШ-тың Тұнық мұхит
жағалауында, Онтүстік-Шығыс Азия жетегінде, Солтүстік теңізде шамамен 300
ұңғыма бұрғыланған. 1976-1980 жж аралығында сағасы суастында орналасқан
ұңғымалар саны 217-ден 283-ке дейін жетті. 1980 жылдың басында тағы да 66
ұңғыма бұрғыланған.

8.1-сурет. Су астында ұңғымаларды пайдалану кешені

     Теңіз кен орындарында ұңғыманы сағасы суастында орналасқан кезде
меңгеру өте күрделі болғанымен, оның сағасы суүсті қондырғыларына қарағанда
бірқатар артықшылығы бар.

     Осы әдістің негізгі жетістігі, ол – мұнай кен орнын пайдалануға кезекпен
жіберу мүмкіндігі. Әдетте ол тәжірибеде алғашқы мұнайды алуды жылдамда-
тады. Бұрғылау кемесінен бірнеше ұңғымаларды бұрғылап, олардың саға үстіне
сәйкес суасты арматураларын қондырып, пайдалануға енгізу, қымбат тұрақты
платформаларды орнату және одан көлбеу бағытталған ұңғыларды бұрғылап,
тек содан кейін кен орынды пайдалануға жіберуге қарағанда жылдам орында-
лады. Осымен қатар, бұл әдіс кен орынның бірнеше геологиялық-физикалық
сипаттамаларын игерудің алғашқы кезеңдерінде пайдалану параметрлерін алуға
мүмкіндік береді.

     Күрделі қаражат пен қаржыны салыстырмалы түрде аз жұмсағандықтан,
осы әдіс мұнай қоры аз кен орындарын игеру үшін қолдануға болады, өйткені
онда аса қымбат тұрақты платформаларын пайдалану тиімсіз болады.

     Сағасы суастында орналасқан жүйелердің тағы бір жетістігі, ол – түпте
орналасқан қондырғының сыртқы климаттық жағдайлардан жақсы сақталатыны.

         179

МАЗМ¦НЫ
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184