Page 181 - indexf
P. 181

жүйелер «құрғаққа» қарағанда кеңінен қолдануда. Жабдықты жөндеу, монтаж-
дау және техникалық қызмет көрсету ашық жүйелерде манипулятор немесе
водолаздар арқылы жасалынады, ал жабық жүйелерде – операторлар кәдімдігі
киімдерімен атмосфералық камерада жүргізеді. Суасты сағаға арматураны ор-
нату өлшемдермен, конструктивті шешімдермен айрықшаланады.

     8.1.2 Суасты технологиясының сенімділігі

     Теңіз қайраңында сенімділікті қамтамасыз ету мәселесі – суасты техноло-
гиясын қолдануда ең маңыздысы болып табылады, өйткені суасты жабдықты
инспекциялау қиын, ал оған қызмет көрсету немесе оны алмастыру үлкен
шығындарға әкеліп соғады. Осымен қатар, суасты жабдықтарынан бас тарту
қоршаған ортаның жағдайына үлкен әсер етеді. Сондықтан да онда суастында
игеруге кеткен қаржыны қайтаруды қамту керек.

     Суасты үдерістерін минимумға келтіру үшін инспекция жөндеуге немесе
алмастыруға суасты жабдықтар компоненттерін алуды қамтамасыз ету маңызды
болады. Осыған байланысты өнімнің үздіксіздігіне кепілдік бола алатын, суасты
жүйелерге дубілдеу принципін енгізу қажет. Сондықтан модульді жүйелер стан-
дартты компоненттерді қосумен жобалау арнайы сынамалар өткізу және сапа-
сын қатаң бақылаумен дайындалу қажет.

     Бір сөзбен айтқанда, суасты жүйелердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін
творчествалық ізденулерді пайдаланып, жаңаша шешім қабылдап, кейінгі жаңа
техника мен технологияларды қолдану қажет. Онда ұраны – қарапайымдылық,
ал мақсаты – сенімділік болғаны жөн.

8.3-сурет. Суасты пайдалану кешені

         181

МАЗМ¦НЫ
   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186