Page 182 - indexf
P. 182

8.1.3 Суасты құрылғыларының қызмет көрсетуі

     Жоғарыда айтылғандай суасты жабдықта қызмет көрсету мәселесі оның
сенімділігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Суасты не болмаса басқа да
жүйелерге қызмет көрсету бір принциптерге негізделеді. Модульді жүйелерді
қолдануда сынақтан өткен компоненттерді қолдануды ұсынады, өйткені онда
оларды алуға және жаңалармен ауыстыруға мүмкіншілік береді. Бірақ, кез кел-
ген жүйеде тек бір кен орынға тағайындалған компоненттер болады. Олар алын-
байды және кен орынды игерудің барлық кезінде қызмет көрсетеді. Онда басқа
жүйелер бұзылуы мүмкін.

     Осындай жағдайларда екі жол бар. Бірінші жол – суасты жүйесінде осы
компоненттердің жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ету. Екінші жол – жүйені жо-
балау кезінде бір компонент істен шыққанда оның функциясын басқа компонент-
тер орындай алатындай жасау. Олардың рентабельдігін талдау нәтижелерімен
қатар қолдану мәселелерін шешу кезінде ескерілуі керек.

     8.1.4 «Закум» суасты меңгеру жобасы

     «Закум» суасты өндіру жобасы 1969 жылы тамызда ұңғыма бұрғыланып,
1972 жылғы сәуіріне дейін жалғасқан кезде және мұнай суасты сағалы армату-
расы бар ұңғымадан жақын орналасқан платформаға дейін жеткен жағдайда жа-
салды (8.4-сурет). Осы мерзім ішінде әртүрлі суасты пайдалану қондырғылары
және әртүрлі суасты үдерістері сыналды. Жобаны жүзеге асыру:

     1.	 суасты әдістері арқылы мұнай өндіруді қамту.
     2.	 суасты жабдықтарды суасты әдістеріде пайдалануда тәжірибе жинау
және оны мұнай кен орындарын игеруде қолдану сияқты мақсаттарды көздейді.

8.4-сурет. «Закум» жобасы бойынша суасты мұнай өндіру нұсқасы
     1 – клапан және қоректену блогын іске қосуға арналған екі
     құрылғылы су асты ұңғымасы; 2 – негізгі қоректену блогы;

  3 – трансформатор; 4 – радиосигнал генераторы; 5 –радиобай-
      ланыс; 6, 9 – құбыр сеператор; 8 – кабель; 10 – сепаратор

         182

МАЗМ¦НЫ
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187