Page 102 - indexf
P. 102

жалғастырудың мүмкін болмауы мен толық әлсіреуді субъективті
сезінуімен қатар жүретін жұмыс қабілеттіліктің шұғыл төмендейтін
ерекше күйі туындауы мүмкін. «Өлі нүкте» деп аталатын бұл күй
кейде жаттыққан спортшыларда да байқалады. Жұмысты шектен
тыс қарқынды бастау бұл күйдің көріну мүмкіндігін жоғарылатады.
Ол ауыр субъективті сезімдермен, солардың ішінде бастысы ентігуді
сезінумен сипатталады. Осымен қатар адамда кеуденің қысылу
сезімі, бас айналу, ми тамырларының лүпілін сезіну, кейде бұлшық
ет ауырсынуын сезіну, жұмысты тоқтату ниеті байқалады. «Өлі
нүкте» күйінің объективті себептеріне жиі және салыстырмалы беткі
тыныс алу, оттегі пайдаланудың жоғарылауы, дем шығарған ауадағы
СО2 бөлінуінің артуы, жоғары оттегінің вентиляциялық эквиваленті,
ЖЖЖ жоғарылауы, қанда және альвеолалық ауада СО2 мөлшерінің
жоғарылауы, қандағы рН төмендеуі, тер бөлінудің артуы жатады
(8-кесте).

    «Өлі нүктенің» пайда болуының жалпы себебі бабына келу
үдерісінде туындаған жұмыс атқарушы бұлшық еттердің оттегіге
жоғары қажеттілігі мен организмді оттегімен қамтамасыз ететін
оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің жеткіліксіз деңгейі арасындағы
сәйкессіздіктен туындауы ықтимал. Нәтижесінде бұлшық ет пен
қанда анаэробтық метаболизм өнімдері, ең алдымен, сүт қышқылы
жинақталады. Бұл жұмыс басында активті және активті емес дене
мүшелері мен ұлпалары арасындағы жүректің қан айдауының
(жүректің минуттық қан көлемінің) баяу қайта таратылуынан салы-
стырмалы гипоксия күйін сезінетін тыныс алу бұлшық еттеріне де
қатысты.

    Уақытша «өлі нүкте» күйін жеңу үлкен ерік күшін қажет етеді.
Егер жұмыс жалғаса берсе, онда ең алдымен және көбінесе, қалыпты
(«комфортты») тыныс алудың пайда болуымен көрінетін кенеттен
жеңілдену сезіміне ауысады. Сондықтан «өлі нүкте» ауысқан күйді
«екінші тыныс алу» деп атайды. Бұл күйдің пайда болуымен ӨВ
көбіне азаюы, тыныс жиілігінің баяулауы, ал тыныс тереңдігінің
артуы, ЖЖЖ біраз төмендеуі жүреді. О2 пайдалану және дем
шығарған ауаға СО2 бөліну азаяды, қандағы рН өседі. Тер бөлінудің
күшеюі байқалады (8-кестені қараңыз). «Екінші тыныс алу» күйі
организмнің жұмыстардың орындалуын қанағаттандыру үшін
жеткілікті мобилді екенін көрсетеді. Неғұрлым жұмыс қарқындырақ
болса, соғұрлым «екінші тыныс алу» ертерек пайда болады.

           102

⇐ МАЗМҰНЫ
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107