Page 105 - indexf
P. 105

Осы салыстырмалы баяу функциялық өзгерістер «дрейф»
деп аталады. Неғұрлым жаттығудың қуаттылығы артқан сайын,
соғұрлым функциялық көрсеткіштер «дрейфі» жылдамдығы жоғары
болады (30-сурет) және керісінше, неғұрлым жаттығу қуаттылығы
төмен болған сайын (ұзақтау болған сайын), соғұрлым «дрейф»
жылдамдығы төмен болады.

    Сонымен О2 пайдалану деңгейі ОМП-дан 50% асатын аэробтық
қуаттылықты жаттығулардың барлығында басқа барлық анаэробтық
қуаттылықты жаттығулардағы сияқты О2 пайдалану жылдамдығы
мен басқа да көрсеткіштер бойынша қызметтері өзгермейтін күймен
сипатталатын шынайы тұрақты жұмыс кезеңін бөліп көрсетуге бол-
майды.

    Мұндай үлкен аэробтық қуаттылықты жаттығулар үшін негізгі
жұмыс кезеңін псевдо немесе жалған (квази) тұрақты күй неме-
се баяу функциялық өзгерістер («дрейф») жүретін кезең ретінде
қарастыруға болады. Осы өзгерістердің көпшілігі жұмыс барысында
қажу үдерісі дами отырып, сол жүктемені орындауға организмнің
бейімделуінің күрделі динамикасын көрсетеді.

      30-сурет. Орындалатын жүктеме қуаттылығымен ЖЖЖ «дрейф»
     жылдамдығы мен өлшемінің (амплитудасы) байланысы (Я. М. Коц

                                          бойынша)
    Организмнің квази тұрақты күйі кезеңінде жүрек-тамыр,
тыныс алу, жүйке-бұлшық ет, эндокриндік және т.б. жүйелер

                                      105

⇐ МАЗМҰНЫ
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110