Page 97 - indexf
P. 97

олардың жиырылуы мен босаңсуы жылдамдығының жоғарылауына
мүмкіндік береді. Бой жазу тер шыққанша жүргізілу қажет. Осыдан
спорттық ортада қалыптасқан термин – «денені қыздырудан» соң
тер бөліну жылу реттелудің қажетті деңгейін ұстап тұруға, соны-
мен қатар бөліп шығару қызметтерінің жақсы қамтамасыз етілуіне
әкеледі.

    А. Хилл бойынша бой жазу нәтижесінде сүтқоректілердің дене
температурасының 2°С-қа көтерілуі кезінде бұлшық ет жиырылу
жылдамдығы шамамен, 20%-ға артады. Мұнда жүйке талшықтары
бойымен импульстердің өту жылдамдығы жоғарылайды,
қан тұтқырлығы төмендейді. Сонымен қатар биохимиялық
реакциялардың өту жылдамдығын анықтайтын ферменттер
белсенділігінің жоғарылауы арқасында (ең алдымен, бұлшық етте)
метаболизмдік үдерістер жылдамдығы күшейеді. Дене температу-
расы 1ºС-қа артса жасушалар метаболизмі жылдамдығы шамамен,
13%-ға артады. Қан температурасының жоғарылауы бұлшық еттің
оттегімен қамтамасыз етілуін жеңілдететін оксигемоглобин диссо-
циация қисығының оңға жылжуын тудырады (Бор эффектісі).

    Тыныштық күйде бұлшық еттер жүректің минуттық қан
көлемінің 15%-ын, ал бұлшық ет жұмысы кезінде 88%-ын алаты-
ны белгілі (О.Wade, I.M.Bishop, 1962). P.Hedman (1977) мәліметтері
бойынша тыныштық күйде бұлшық ет температурасы 33-34°С-қа,
ал бой жазудан кейін 38,5°С-қа дейін көтеріліп, ұлпаларда тотығу
үдерістері жүруі үшін қолайлы болады (S.Israel, 1979). Зат алмасу
үдерістерінің және ферменттік катализдің максималды жылдамдығы
37-38ºС температурада байқалады. Температураның төмендеуі
кезінде ол дереу баяулайды (Ж. Крю, 1979). Ван Гофф теориясы
бойынша ұлпалардың температурасының 10°С төмендеуі алмасу
үдерістері қарқындылығының 50% азаюына әкеледі.

    Сонымен қатар бой жазу әсерлері тек дене температурасының
жоғарылауымен ғана түсіндірілмейді. Массаж, инфрақызыл
сәулемен сәулелендіру, ультрадыбыс, диатермия, сауна, ыстық ком-
престер көмегімен туындайтын пассивті процедуралармен бой
қыздыру активті бой жазудағы сияқты жұмысқа қабілеттіліктің
жоғарылауына әкелмейді. Бой жазу кезінде бұлшық еттер
«қыздырынып» қана қоймай, ең бастысы ЖЖЖ, артериялық қан
қысымы және т.б. функциялық көрсеткіштердің жоғарылауы
нәтижесінде бой жазудан кейін жоғары пульста (160-тан 200 екп/

           97

⇐ МАЗМҰНЫ
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102