Page 106 - indexf
P. 106

қызметінің біртіндеп қайта құрылулары жүреді. Осы кезең бары-
сында систолалық көлем баяу төмендейді, бірақ ЖЖЖ өтемелі
жоғарылайды, сондықтан жүректің минуттық қан көлемі өзгеріссіз
қалады (29-суретті қараңыз). Қан айналымдағы қан көлемі
төмендейді, содан соң біртіндеп, бірақ толық емес қалпына келеді.
Жылу шығарудың күшеюіне әкелетін тері қан айналысының ар-
туымен қан айналысының қайта таратылуы жүреді. Осы және т.б.
жылу реттеуші қайта құрылуларға қарамастан дене температура-
сы үздіксіз (толассыз) жоғарылайды. Квази тұрақты күй кезеңінде
сонымен қоса артериялық, әсіресе, систолалық қан қысымы үнемі
өзгеріп отырады.

    Жаттығуды орындау үдерісінде барлық уақытта тыныс жиілігі
сияқты тыныс тереңдігінің де есебінен ӨВ жоғарылайды. Оттегі
бойынша альвеолалық-артериялық айырмашылық өседі. СО2
парциалдық кернеуі мен артериялық қанның рН төмендеу тенден-
циясы байқалады. Салыстырмалы өзгеріссіз жүректің минуттық
қан көлемінде О2 пайдалану жылдамдығының біраз жоғарылауын
қамтамасыз ететін, ал жүректің минуттық қан көлемінің төмендеу
тенденциясы кезінде салыстырмалы О2 пайдалану жылдамдығын
тұрақты ұстайтын АВА-О2 біртіндеп артады.

    Жұмысты аэробтық қамтамасыздандыруға қатысатын тотығуға
ұшырайтын майлар үлесінің артуын және сәйкесінше, көмірсу
үлесінің кемуін көрсететін тыныс коэффиценті квази тұрақты күй
кезеңі барысында біртіндеп төмендейді.

    Жаттығуды орындау үдерісінде бұлшық еттің жұлын мотонейрон-
дары импульсациясының күшеюін айғақтайтын олардың электрлік
белсенділігі үздіксіз өседі. Бұл күшею бұлшық еттің қажуын өтеу
үшін жаңа қозғалыс бірліктері (ҚБ) рекрутирлеу үдерісін көрсетеді.
Мұндай қажу белсенді ҚБ бұлшық ет талшықтарының жиырылу
қабілетінің біртіндеп төмендеуімен аяқталады.

    Жаттығуды орындау барысында ішкі секреция бездері
кейбіреулерінің қызметі күшейсе, басқаларының қызметі әлсірейді.
Соның ішінде қандағы адреналин және норадреналин мөлшерінің
жоғарылауымен көрінетін симпатикалық-адреналдық жүйенің
белсенділігі өседі.

    Қозғалыс және вегетативтік қызметтердің реттелуін және осы
қызмет күйінің өзгерістерін жүзеге асыратын жүйелер белсенділігі-
нің біртіндеп күшеюінің көрінісі жаттығуды жалғастыру шамасы

           106

⇐ МАЗМҰНЫ
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111