Page 99 - indexf
P. 99

(жаттықтырылу дәрежесімен) және эмоциялық күйімен, сыртқы
жағдайлармен (ауа температурасы, ылғалдылығы және т.б.), жасы,
жынысы және жарыс масштабымен (облыс біріншілігі, Қазақстан
чемпионаты, құрлық (Азия, Еуропа) біріншілігі, Әлем немесе
Олимпиадалық ойындар) анықталады. Бой жазудың ұзақтығы жеке
түрге тән болады. Бой жазу мен жарыс арасындағы үзіліс 15 ми-
нуттан аспау керек. Үзілістің неғұрлым ұзақ интервалы барлық
физиологиялық жүйелердің, әсіресе, кардиореспираторлық және
жылу реттелу жүйелерінің қалпына келуіне әкеледі. Мысалы, 45
мин. үзілістен кейін бой жазудың әсері жоғалатыны, бұлшық ет
температурасының бастапқы, бой жазу алдыңғы деңгейге оралаты-
ны байқалған.

    Бой жазудың әр спорт түрінде және түрлі сыртқы орта
жағдайларында рөлі бірдей емес. Әсіресе, ұзақтығы салыстыр-
малы аз жылдамдықты-күштік жаттығулар алдында бой жазудың
жағымды ықпалы байқалады. Бой жазу бұлшық ет күшіне қандай
да бір нақтылы жағымды ықпал етпесе де, бірақ жеңіл атлетикалық
лақтыру сияқты жылдамдықты-күштік күрделі координациялық
жаттығулардың нәтижесін арттырады. Орташа және қысқа
арақашықтыққа жүгіруге қарағанда, ұзақ қашықтыққа жүгіру ал-
дында бой жазудың жағымды ықпалы айтарлықтай азырақ көрінеді.
Осымен қатар жоғары ауа температурасында ұзақ арақашықтыққа
жүгіру кезінде бой жазудың жылудың реттелуіне теріс ықпалы
байқалған.

    Адамның кез келген дене жүктемесін орындауға, соның ішінде
бой жазу кезінде де энергия жұмсайтыны белгілі, сондықтан оның
қажытпайтындай болуын ескеру қажет. Осыған орай бой жазудың
жалпы бөлімінде спортшы жаттықтыру (жүн киім жақсырақ) киімін,
ал желді салқын күні желден қорғайтын костюм қоса кию керек.

           Бабына келу

    Бабына келу – жұмыс кезінде жүретін функциялық өзгерістердің
бірінші фазасы. Бабына келу үдерістерімен «өлі нүкте» және
«екінші тыныс алу» құбылыстары тығыз байланысты. Ол – дене
жаттығуларын орындау кезінде байқалатын жұмыс қабілеттілігінің
біртіндеп жоғарылау үдерісі. Бабына келу нәтижесінде организм ал-

           99

⇐ МАЗМҰНЫ
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104